Мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары халықтың қалың жігіне қолжетімді тұрғын үй салуға бағытталған.
Сатып алусыз коммуналдық жалға берілетін тұрғын үймен халықтың неғұрлым әлеуметтік осал санаттары: мүгедектер, жетім балалар, көп балалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистерде жұмыс істейтін жастар басым қамтамасыз етіледі.
Халықтың өзге топтары үшін ипотекалық, тұрғын үй құрылыс жинақтары және үлестік құрылыс тетіктері құралдары арқылы кредиттік тұрғын үй іске асырылады.
Азаматтардың бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Республикалық бюджеттен сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй салуды (сатып алуды) қаржыландыру жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) қайтарымсыз нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік кредиттік тұрғын үй салу үшін ЖАО облигациялар шығару жолымен қаражат алады және қаражатты республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидаларына сәйкес өнеркәсіп министрінің бұйрықтарымен бекітілген "револьверлік" қағидат бойынша айналдырады. Бұдан басқа, мемлекет жанама шаралармен жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарына коммуникациялар жүргізуді қамтамасыз ете отырып, жеке құрылыс салушылар мен халықтың тұрғын үй құрылысын ынталандырады.