ЕАЭО шеңберінде Комиссия Кеңесінің шешімімен 2020 жылғы 23 қарашада Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін жекелеген тауарлардың шығарылған елін айқындау Қағидалары бекітілді.
Ереже ЕАЭО-дағы барлық елдерден жеткізушілердің Мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділігін қамтамасыз етеді, өндірістерді оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, Одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперация үшін ынталандыруды қалыптастыруға көмектеседі.
Талаптар Энергетика, арнайы, ауыл шаруашылығы машина жасау, автомобиль жасау, станок жасау салалары, Электротехника және кабель өнеркәсібі, компрессорлық және тоңазытқыш жабдықтар өндірісі, жеңіл, жиһаз, ағаш өңдеу, химия, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі тауарларының 300-ге жуық түріне қолданылады.
Ережеде отандық өндірушілердің өндірістік және технологиялық мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің жоспарлары мен даму келешегі ескерілген.
Тұтастай алғанда, отандық тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу процесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 243 бұйрығымен бекітілген өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша ЕЭК-пен өзара іс-қимыл жасау қағидаларында айқындалған. Тетік қазақстандық өндірушінің сараптама ұйымдарында сараптама актісін алатынын және тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін ҚР ЖПҚ-ға жүгінетінін көздейді. Өз кезегінде ҚР ЖПҚ өтінімді ЕЭК-ке жібереді және құжаттар барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда тауар мен өндіруші Еуразиялық тізілімге енгізіледі.
Тұтастай алғанда, отандық тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу процесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 243 бұйрығымен бекітілген өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша ЕЭК-пен өзара іс-қимыл жасау қағидаларында айқындалған. Тетік қазақстандық өндірушінің сараптама ұйымдарында сараптама актісін алатынын және тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін ҚР ЖПҚ-ға жүгінетінін көздейді. Өз кезегінде ҚР ЖПҚ өтінімді ЕЭК-ке жібереді және құжаттар барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда тауар мен өндіруші Еуразиялық тізілімге енгізіледі