ҚР жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру шеңберінде "Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР Заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасы 2024 жылғы желтоқсанда Мәжіліске енгізу мерзімімен заң жобалау жұмыстарының жоспары шеңберінде әзірленді.
Заң жобасын қабылдау елдің экономикалық өсуі мен ішкі әлеуетін одан әрі дамыту мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіптік саясат мәселелерін теңгерімді кешенді реттеуді қамтамасыз етеді.
Заң жобасының мақсаттары жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту, сондай-ақ индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін заңнаманы және рәсімдерді айтарлықтай оңайлату болып табылады.
Заң жобасын пысықтау шеңберінде жұмыс тобының қарауына 102 түзету келіп түсті, оның ішінде:
- жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қоса алғанда, 66 түзету.
- өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша 36 түзету.
Бастамашылық жасалған түзетулерді келісу қорытындысы бойынша 2024 жылдың соңына дейін аталған заңды қабылдау жоспарлануда