Министрлік ішкі нарықты кейіннен экспортқа шыға отырып, отандық өндірістің бәсекеге қабілетті тауарларымен қанықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірледі.
Бағдарламаны іске асыру қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елішілік құндылықты дамытуға ықпал ететін өңдеуші саладағы кедергілерді (өндірістер үшін қолжетімді шикізаттың тапшылығы, өндірістің әлсіз технологиялық жарақтандырылуы, энергия сыйымдылығы мен капитал сыйымдылығы, негізгі қорлардың тозуы, қаржы ресурстарының шектелуі, білікті кадрлардың жеткіліксіздігі) еңсеруге бағытталған.
Бағдарламада ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар жасасу көзделеді, бұл экспортқа шығу үшін қажетті капиталды ала отырып, ұзақ мерзімді кезеңге өткізу нарығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басым сатып алу міндеттемесін белгілеу мәселесі пысықталатын болады.
Сондай-ақ, бағдарламада ірі кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың айналасында ШОБ белдеуін құру көзделген.
Жер қойнауын пайдаланушылар үшін өзінің жүйе құраушы кәсіпорны төңірегінде ШОБ-ты қолдауға және дамытуға бағытталған елішілік құндылықты дамытудың ішкі бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау жөніндегі норманы енгізу жоспарлануда.