Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету шеңберінде Министрлік ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген Басым тауарлар тізбесіне кіретін өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын отандық өндірушілер шығындарының бір бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
Отандық өндірушілер шығындарының бір бөлігін көрсетілген өтеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа жылжытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімді сертификаттау кезінде (3 мың АЕК-тен аспайтын), сондай-ақ аяқ киімді таңбалауға арналған жабдықты сатып алу кезінде (10 мың АЕК-тен аспайтын) жұмсалған шығындар бойынша ұсынылатын соманың 50% мөлшерінде негізделген және құжаттамамен расталған шығындар өтелуге жатады.
Отандық өндірушілерді тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді кепілді өткізу нарығымен қамтамасыз ету шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрақты негізде отандық өндірушілерге ірі тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасуға жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар өткізеді.
Осындай жұмысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі - Қор) Қор Басқармасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №59/21 шешімімен (жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасы) бекітілген офтейк-келісімшарттарды жасасу және орындау тәртібі шеңберінде жүргізеді.
Бұдан басқа, отандық өндірістің жекелеген тауар топтарын Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында қазақстандық тарап ЕАЭО шеңберінде жыл сайынғы негізде екі жыл мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілейді.