Мемлекеттік қолдау шаралар шеңберінде 2019 жылдан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді сату жұмыс істейді.
Мұндай тұрғын үйді жалға алушылар тұрғын үй жағдайларын одан әрі жақсарту үшін 3 жыл ішінде тұрғын үй жинақтарын жинайды. Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жас отбасыларға арналған "Жас отбасы"атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама шеңберінде бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да тұрғын үй сатып алуға немесе үй салу үшін жер учаскесін сатып алуға жол беріледі. Бұл бағдарламаның артықшылығы-бағдарламада ерлі-зайыптылардың жасына және отбасындағы балалардың санына шектеу жоқ.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жастарын қолдаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында әкімдіктер жұмыс істейтін жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін өңірлік бағдарламалар әзірлеуде.
Атап айтқанда, Алматы қаласында «Алматы жастары», Астана қаласында «Елорда жастары», Жамбыл облысында «Әулие-Ата жастары, Қарағанды облысында «Қарағанды жастары», «Теміртау жастары», Қостанай облысында «Жас шаңырақ», Алматы облысында «Алатау жастары», Атырау облысында «Атырау жастары», Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары», Абай облысында «Абай жастары», Жетісу облысында «Жетісу жастары», Шымкент қаласында «Қамқор», Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қарларында «Ертіс жастары», Ұлытау облысында «Ұлытау жастары», Қызылорда облысында «Сыр елі жастары», Маңғыстау облысында «Маңғыстау жастары» бағдарламалары.