"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 36-бабында Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді енгізу және алып тастау тәртібі бекітілген.
Осы бапқа сәйкес атқарушылық құжаттар өндіріп алушыға қайтарылғаннан кейін борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару атқарушылық құжаттың талаптары орындалған кезде жүргізіледі.
Атқарушылық құжаттың талаптары орындалған жағдайда, сондай-ақ Заңның 11-бабына сәйкес атқарушылық құжатты ұсыну мерзімі өткен болса, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару туралы өтінішпен атқару ісін жүргізген сот орындаушысына жүгіну қажет.
Аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалуы туралы мәліметтерді алған кезде сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару үшін тиісті ақпаратты әділет департаментіне жібереді. Өз кезегінде әділет органы үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысы жіберген материалдарды тексереді және борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығарады.