Микрокредитті қалай алуға болады?

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

    Сұрақ

    Микрокредитті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жастардың кәсіпкелік бастамаларын қолдау мақсатында өткен жылдан бастап жеңілдетілген шарттармен микрокредиттер беріледі.

    Микрокредиттер номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайызбен
    5 млн теңгеге дейін беріледі.

    Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша ұзақтығы микрокредит мерзімінің 1/3 аспайтын кезеңге беріледі.

    Микрокредиттеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін.

    Міндетті шарттың бірі кепілмен қамтамассыз ету. Кепілмен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмаған жағдайда кепіл берушіні тартуға болады. Олар ата-аналар, туыстар немесе достар да бола алады. Шектеу жоқ.

    Микрокредит алушылардың жасы 21 және 35 жас аралығанда. Сонымен қатар микрокредит алуға өтінім берген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы шарт.

    Микрокредит Сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі. Сенім білдірілген өкіл - Аграрлық кредиттік корпорациясы болып табылады.

    Өз мүмкіндітеріңізді жіберіп алманыздар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жол бермеу мақсатында қандай шаралар қабылданады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында мүгедектігі бар адамдардың, егер жұмыс денсаулық жағдайы бойынша оларға қарсы көрсетілмесе, еңбекке құқығы регламенттелген. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мүгедектік тобының болуы адамның еңбекке қабілеттілігінің немесе еңбекке жарамсыздығының көрсеткіші емес екенін атап өткен жөн. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру кезіндегі негізгі факторлар олардың біліктілігі, кәсіби құзыреті, кәсіби міндеттерін орындау үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы болып табылады. Осылайша, мүгедектігі бар адамдар мүгедектік тобының санатына қарамастан, егер оларға денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің түрі қарсы көрсетілмесе, жұмыс істеуге құқылы.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    Мансап орталығына жүгінбей-ақ өз бетінше қалай жұмыс табуға болады?

    Жауап

    Бүгінгі күні «Электрондық еңбек биржасы» (бұдан әрі – ЭЕБ) – еңбек нарығының ақпараттық базасы толық көлемде жұмыс істейді (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. ЭЕБ жұмыс берушілерді персоналды іріктеу мүмкіндігімен, ал жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Күн сайын ЭЕБ базасы жаңа бос орындармен және түйіндемелермен толықтырылады. ЭЕБ арқылы мынадай қызмет түрлерін алуға болады: түйіндеме мен бос жұмыс орындары базасына онлайн режимде кіру, бос жұмыс орындарын жариялау және түйіндемені тарату, жеке кабинетіңізді тіркеу, ұнаған бос жұмыс орындарына өтініш білдіру және әңгімелесуге шақыру алу, Мансап орталықтарымен таратылған бос жұмыс орындары туралы онлайн ақпаратты қарау, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау тестінен өту және нәтижелері бойынша жұмысты таңдау мүмкіндігі бар. Цифрландыруды және онлайн қызметтерді дамыту мақсатында 2020 жылдан бастап ЭЕБ арқылы төрт қызмет көрсету жобасы іске қосылды: - жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу; - жұмыссызды тіркеу; - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын таңдау (бірінші кезеңде – жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары). - жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз статусын қалау алуға болады?

    Жауап

    Жұмыссыз статусын алу үшін жұмыс іздеущі адам ретінде тіркеу бар болуы қажет. Бұл қызмет проаквтивті болып табылады, яғни өтініш берудің қажеті жоқ, қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетіледі. Қызмет екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Жұмыссыз статусы еңбек делдалдығына, кәсіптік оқу, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберу, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу кіретін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық береді.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    Жұмыс іздеуші адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеліп, консультация мен жұмыс туралы ұсыныстар алыңыз. Тіркеуді төмендегідей үш түрлі тәсілмен: - тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына бару; - «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы; - Электрондық еңбек биржасының (enbek.kz) көмегімен жүзеге асыруға болады. Тіркелу үшін жеке басты куәландыратын құжат қана қажет. Қызмет бір жұмыс күні іщінде көрсетіледі.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    Қоғамдық жұмыстарға қатысуға кім құқылы?

    Жауап

    Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: 1) жұмыссыздардың; 2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының; 3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар. Бұл ретте, Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: 1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар; 2) мансап орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    «Күміс жас» жобасына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    50 жастан асқан адамдар үлкен жұмыс тәжірбиесі бола тұра жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болады. Адамдардың бұндай санаттары үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда. Жобаға қатысу ұзақтығы 36 ай және осы кезеңде мемлекет жұмысқа орналасқан адамның жалақысын субсидиялайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қатысушыны зейнеткерлікке шыққанша өзінде бар тұрақты жұмысқа алуға тиіс. Егер Сіздің жасыңыз 50-ден асса және жұмыс іздеп жүрсеңіз онда «Күміс жас» жобасына қатысу мүмкіндігін пайдаланыңыз!

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    Жастар практикасына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Тәжірибеңіз, практикалық дағдыңыз жоқ па? Онда бұл проблема емес! Жастар практикасы Жоғары оқу орындары мен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне алған мамандықтары бойынша мансап жолын бастауға мүмкіндік береді. Қатысу шарттары оңай. Егер Сіз оқуды соңғы бес жыл ішінде оқуды бітірсеңіз және алған мамандығыңыз бойынша жұмыс тәжірибеңіз болмаса, онда жастар практикасына қатыса аласыз. Жобаға қатысу мерзімі 12 айға дейін және бұл кезең еңбек өтіліне саналады. Жалақының мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды, биылғы жылы 110 мың теңге. Жастар практикасына қатысу арқылы Сіз алған мамандыңығыз бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік аласыз.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    Сұрақ

    Грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    2024 жылы жеке ісін ашуға немесе оны кеңейтуге 9 мың грант беру жоспарланған. Грантты әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар ала алады, оның ішінде; - атаулы көмек алушылар; - еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; - мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар; - көпбалалы отбасылар; - асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар Грант мөлшері 400 АЕК немесе осы жылы 1 476 мың теңгені құрайды. Гранттар қайтарымсыз конкурстық негізде беріледі. Сонымен қатар оның негізгі шарты Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуды аяқтау туралы сертификаттың, бизнес жоспардың болуы. Құжаттарды тапсыру процессі толығымен автоматтандырылған. Ол үшін Business.enbek.kz. порталында тіркелу керек.

    ҚР ЕХӘҚМ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.