Жауап
Біріншіден, қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға қойылған шектеулер, халық денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар, екіншіден, ондайды тұтынудан пайда болатын тәуелділікті болдыртпауын көздейтін профилактикалық және алдын алу іс-қимылдары ретінде танылады. Құқықтық деңгейде қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға қойылған шектеулермен алдын алу шаралары Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі 110 бабында бекітілген, бұнда көзделген бірқатар талаптар мынадай. Қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын: - жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға; - он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына; - денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылысжайлардың, стадиондардың ғимараттары мен аумақтарында сатуға тыйым салынады. Бұдан әрі, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын сатуды жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда: - жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге; - егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын сатудан бас тартуға міндетті. Осымен қоса, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын: - білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда; - денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында; - мәдениет объектілерінде, музейлерде, кітапханаларда және лекторийлерда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ұйымдары мен дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да құрылысжайларда; - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда; - балалар алаңдарында тұтынуға тыйым салынады. Кәмелетке толмаған адамдармен қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын тұтынуға тыйым салынады.