Ұлттық вакцинация күнтізбесі бойынша вакцинация нәресте өмірінің алғашқы күндерінен басталады, неге соншалықты ерте және ол неге негізделген?
Профилактикалық егулерді жүргізу мерзімдері кездейсоқ анықталмайды. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұқият зерттеген және ұсынған ғылыми дәлелдермен негізделген. Мәселен, аналық антиденелер баланың денесінде қысқа уақытқа беріледі және сақталады: дифтерияға қарсы антиденелер 2-3 ай, қызылшаға қарсы 6 айға дейін, ал туберкулез және "В" гепатитіне қарсы бала толығымен қорғалмаған болып туылады. Осыған негізделе, бала туберкулезге немесе "В" гепатитіне қарсы туудың алғашқы күндерінде, ал дифтерияға қарсы 2-3 айда және т.б. егіле бастайды.