Қазіргі уақытта АКДС вакцинасын қою қауіпті емес пе?
АКДС вакцинасының құрамындағы компоненттер көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы иммунитеттің дамуына ықпал етеді. Пост кеңестік аумақтарда Қазақстан иммундау жөніндегі Ұлттық консультативтік комитеттің ұсынысы бойынша тұтас жасушалы вакциналармен салыстырғанда бағасы едәуір қымбат болғанына қарамастан, құрамында жасушасыз көкжөтел компоненті бар АКДС вакциналарына көшуді жүзеге асырған жалғыз ел болып табылады. Сонымен қатар, АКДС вакцинасы біріктірілген бес және алты компонентті вакциналардың бөлігі болып табылады, иммундау кезінде бір уақытта бірнеше инфекциялардан қорғаныс қалыптасады. Сонымен қатар, бала үшін психоравма қаупі және иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің даму қаупі азаяды.