АПВ дегеніміз не?

    departament-kkbtu-vko

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    АПВ дегеніміз не?

    Жауап

    АПВ (адам папилломасы вирусы) - бұл әртурлі ағзалардың (мысалы, жатыр мойнының немесе аногенитальді аумақты), терісне жене шарышты қабыктарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді.

    АПВ-инфекциясы бүкіл әлемде ең көп таралған инфекция болып табылады. Әр адамда АПВ инфекциясын жұқтырудың 80% ықтималдығы бар, яғни 10 ер мен әйелдіі шамамен 8-і өз өмірінің қандай да бір сәтінде бір немесе бірнеше типтегі АПВ инфекциясын жұқтырады, АПВ инфекциясының ен жоғары таралымы 25 жаска дейінгі ерлер мен әйелдерде байқалады.

    АПВ-ның 200-ден астам типі бар. Әр типтің өз нөмірі бар (нөмір өзінің анықталу тәртібімен беріледі).

    АПВ-ның жогары онкогенді қауіп типтері ретінде белгілі кемінде 14 тип бар, олар шарышты қабықтар аркылы берледі және жатыр мойны обыры мен обырдың басқа турлерін туғызуы мумкін. Палилломавирустар жоғары тіндік ерекшелікке ие болады және тернің де шарышты қабыктың да эпителийіне инфекция жұқтырады. АПВ-ның онкогенді қаупі төмен типтері кәдімгі сүйелдердің, табандық сүйелдерінің (табан сүйелдері), гениталий сүйелдерінің пайда болуына немесе сирек жағдайларда тыныс жолдарындағы перилломатоздың ұлғаюына (дауыс бұзылыстарын тудыратын және қайталамалы респираторлық папилпоматоз немесе КРП деп аталатын) алып келуі мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Объектілерді жоспарлы тексеруді қалай және кімдер құрады?

    Жауап

    Жоспарлы тексеру ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізіміне негізделіп жүргізіледі. Бұл тізімді санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тәуекел деңгейін бағалау критерийлеріне сәйкес, ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінен (объектілерінен) реестрге енгізілгендерін таңдап құрады. Құрылатын тізім ақпараттық жүйеде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінде қалыптасады және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің интернет-ресурсында жарияланады.

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    Жаңа бақылау формасы — объектілерді мониторинг жүргізу туралы айтып берсеңіз, бұл не және қалай жүзеге асырылатын болады?

    Жауап

    Объектілерге барып мониторинг жүргізу — бұл балалардың орналасу орындарында құқық бұзушылықтарды алдын ала анықтауға бағытталған іс-шара. Мониторинг жүргізудің негізі болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың орынбасарларының; 2) Уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмалары, соның ішінде: - жаппай инфекциялық және инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған; - интернаттық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, балаларға арналған санаторийлік-курорттық және сауықтыру ұйымдарының қызметтер көрсетуге дайындығын қызметтер көрсету басталғанға дейін және қызметтер көрсету кезеңінде бағалау қажет болған; - балаларға медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бағалау қажет болған жағдайларда. Жаңа тексеру форматы балалар объектілерінің жаңа оқу жылы мен сауықтыру маусымына дайындығын уақытында бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа нормалар тексерулерді жоспарлау кезінде объектілерді іріктеуде ашықтық пен болжамдылықты қамтамасыз етеді. Қауіп-қатердің дифференциалды жүйесі бойынша жоспарлы тексерулерді енгізу және жаңа механизм — объектілерге бару арқылы мониторинг жүргізу құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде проактивті түрде анықтауға мүмкіндік береді.

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін тіркелгеніне үш жыл толмаған жағдайда жоспардан тыс тексеруді бастамашы бола ала ма және қандай негіздермен?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінің» 129-бабының 4-1 тармағына сәйкес, 131-баптың 6-тармағы, балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы және баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға қолданылмайды. Осылайша, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде микро кәсіпкерлікке қатысты үш жылдық мораторий жойылады.

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    Айтыңызшы, жоспардан тыс тексеруге кімдер бастамашы бола алады және қандай негіздер бойынша жүргізіледі?

    Жауап

    Жоспардан тыс тексерулерді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеледі. Ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеру — бұл аумақтық бөлімшелер тағайындайтын тексеру. Жоспардан тыс тексерулердің негіздері мыналар болып табылады: 1) егер ерекше бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру, мониторинг нәтижелері бойынша анықталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау; 2) дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары; 3) адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы прокурордың талаптары; 4) адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары; 5) ерекше бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы) туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру; 6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы; 7) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау; 8) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау; 9) бұзушылықтардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген растайтын дәлелдемелер, оның ішінде оларды фото- және (немесе) бейнетіркеп-белгілеу болған кезде, ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілеріндегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтары белгілерінің болуы туралы масс-медиадағы хабарлар; 10) егер ерекше бақылау және қадағалау субъектісі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпесе, осындай қаулылардың орындалуын бақылау. Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Ерекше бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар, сондай-ақ егер қызмет және (немесе) объект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың рұқсат беру не хабарлама жасау тәртібіне жататын болса, рұқсаттың немесе қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы не болмауы мәселелері жоспардан тыс тексеруге жатады.

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    Тексеру нәтижелері бойынша қандай шаралар қолданылатын болады?

    Жауап

    Жоспарлы тексерулер мен мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен, заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне(ЖАО), лауазымды тұлғаға қатысты шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсыну шығарылады. 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтіледі. Олар бюджет бағдарламалары әкімшілеріне бұзушылықтар себептерін жою жөнінде жеке ұсыныстар жолдай алады, мемлекеттік меншік объектілері бойынша жергілікті атқарушы органдарға міндетті ұсынулар жолдап, балалар мекемелеріндегі жүйелі бұзушылықтардың алдын алу шараларын талап етуге құқылы болады.

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    Айтыңызшы, білім беру және тәрбие нысандарын кенеттен тексеру жоспарлануда ма? Мұндай тексерудің өткізілуіне қандай себептер болуы мүмкін?

    Жауап

    СЭҚ маманы (кадрда): 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау және қадағалау енгізіліп, келесідей түрде жүзеге асырылады: жоспарлы тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, ерекше бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы мониторинг – бақылаудың жаңа нысаны және тергеп-тексеру. Жоспарлы тексерулер мынадай нысандарға жүргізіледі: -тәуекел дәрежесі жоғары– жарты жылда кемінде бір рет ( барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту объектілері;балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері; ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілері, сауықтыру және санаторлық нысандар (маусымдық, жыл бойы), балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары, тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары ); Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ерекше бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады. - тәуекел дәрежесі төмен– жылына бір реттен жиі емес ( техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері, балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және мектептен тыс ұйымдар ).

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    2025 жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысының қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылау жүргізу тәсілдері қалай өзгеретінін айтып беріңізші?

    Жауап

    2025 жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық құрылтайда «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» 2026-2030 жылдарға арналған бірегей Концепциясы әзірленді, ол баланы қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарын біріктіруге бағытталған. Жаңа концепция балаларға 5 бағыт бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге арналған нақты іс-қимыл жоспары болып табылады, оның ішінде денсаулық сақтау және медициналық көмек мәселелері де бар. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атап өткендей, балаларға қамқорлық көрсету мемлекеттік саясаттың басым міндеті болып табылады және мемлекет олардың өмір сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдап отыр. Концепцияны іске асырудың негізгі құралдарының бірі 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелерге арналған бақылау мен қадағалау ( жоспарлы, жоспардан тыс тексерулер; нысандарға бару арқылы мониторинг түрінде ) болды. Қазіргі уақытта облыс бойынша ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандардың тізілімі дайындалды, оған 900-ден астам нысан енгізілді. Тексерулер алдын ала хабарламасыз жүргізілетін болады және олар келесі мәселелерді қамтиды: мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігі; тамақтандыруды ұйымдастыру; балалардың сауықтыру және демалу жағдайлары; санитариялық және басқа да міндетті нормалардың сақталуы. Сонымен қатар, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілді. Олар бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне бұзушылықтардың себептерін жою жөнінде жеке ұсыныстар жіберуге, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік органдарға мемлекеттік меншік нысандары туралы міндетті ұсыныстар жіберуге, балалар мекемелеріндегі жүйелі бұзушылықтардың себептерін жоюды талап етуге құқылы болады. Бұл құжаттарды қабылдау бала құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың қолайлығын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл өзгерістердің қажеттілігі бұрыннан пайда болған болатын, өйткені санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету саласында бірқатар жүйелі мәселелер жинақталып, оларды тиімді және заманауи жауап беретін механизмдермен шешу қажет болды. Практика көрсеткендей, қазіргі бақылау формалары бұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік бермеген, әсіресе балалардың орналасқан мекемелерінде.

    departament-kkbtu-vko·
    Сұрақ

    Лумбосакральды радикулопатияның алдын алу шаралары қандай?

    Жауап

    Ол гипермобильді тұлғаларды, сколиозды және жасөспірім кезіндегі омыртқаның басқа туа біткен деформацияларын анықтаудан және деформацияның даму факторларын жоюдан, сондай-ақ жұмыс орнының эргономикалық көрсеткіштерін оңтайландырудан тұрады. Ауырсыну құбылыстарының дамуы мен дамуын тудыратын тірек-қимыл аппаратының, бел омыртқасының шамадан тыс жүктелуіне байланысты жұмысқа қабылдау кезінде негізгі қарсы көрсеткіштер-бұл функцияның бұзылуы бар тірек-қимыл аппаратының аурулары, перифериялық жүйке жүйесінің созылмалы аурулары, эндартерит, Рейн синдромы және ауруы, перифериялық тамырлы ангиоспазм. Бастапқы профилактикада жетекші рөл Кәсіби жарамдылық сараптамасына (алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерге) – жұмысқа жіберудің медициналық регламенттерін сақтауға жатады. Рефлекторлық және радикулярлық синдромдар кезінде олардың өршуі кезінде науқас уақытша еңбекке жарамсыз деп танылады. Жиі қайталанулар, тұрақты ауырсыну синдромы және емдеудің тиімділігінің жеткіліксіздігі, айқын вестибулярлық бұзылулар, астениялық синдром, қозғалыс бұзылыстары, радикулоишемия кезінде, сондай-ақ кәсіби генездің созылмалы лумбосакральды радикулопатиясы бар науқастың біліктілігі мен жалақы мөлшерін төмендетпей ұтымды жұмысқа орналасу мүмкін болмаған жағдайда, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі.

    departament-kkbtu-vko·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.