Жаңа бақылау формасы — объектілерді мониторинг жүргізу туралы айтып берсеңіз, бұл не және қалай жүзеге асырылатын болады?
Объектілерге барып мониторинг жүргізу — бұл балалардың орналасу орындарында құқық бұзушылықтарды алдын ала анықтауға бағытталған іс-шара. Мониторинг жүргізудің негізі болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың орынбасарларының; 2) Уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмалары, соның ішінде: - жаппай инфекциялық және инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған; - интернаттық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, балаларға арналған санаторийлік-курорттық және сауықтыру ұйымдарының қызметтер көрсетуге дайындығын қызметтер көрсету басталғанға дейін және қызметтер көрсету кезеңінде бағалау қажет болған; - балаларға медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бағалау қажет болған жағдайларда. Жаңа тексеру форматы балалар объектілерінің жаңа оқу жылы мен сауықтыру маусымына дайындығын уақытында бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа нормалар тексерулерді жоспарлау кезінде объектілерді іріктеуде ашықтық пен болжамдылықты қамтамасыз етеді. Қауіп-қатердің дифференциалды жүйесі бойынша жоспарлы тексерулерді енгізу және жаңа механизм — объектілерге бару арқылы мониторинг жүргізу құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде проактивті түрде анықтауға мүмкіндік береді.