Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қандай аналық мал басыны қатысады?

    abay-agro

    abay-agro·
    Сұрақ

    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қандай аналық мал басыны қатысады?

    Жауап

    Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар - 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар - 18 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, түйе шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша - 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша - 24 айдан бастап, шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды - 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар?

    Жауап

    ҚазАгроҚаржы арқылы жеңілдікті лизинг «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы - жылдық 5% мөлшерлеме, мерзімі 7 жылға дейін: Отандық техниканы қамтиды. Алғытөлем - кем дегенде 10 %. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанынан бастап қаржыландыруға 200 млрд Арнайы бағдарлама-ставка 6%, мерзімі 10 жылға дейін: Отандық құрастыру техникасы. Бастапқы жарнасыз және бірінші лизингтік төлемсіз. Бір клиентке 205 млн-ға дейін қаржыландыру (3 техника бірлігіне дейін) «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы-ставка 6%, мерзімі 10 жылға дейін: Алғытөлем - 15% бастап, субсидиямен төлеуге болады. Отандық аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін техникаға бағытталған.

    abay-agro·
    Сұрақ

    «Ауыл аманаты» жобасы: жеңілдікті несиені қалай алуға болады

    Жауап

    Қандай бағыттар қаржыландырылады Ауыл аманаты жобасын қаржыландырудың негізгі бағыттары: өңдеуші салаға байланысты жобалар; өсімдік шаруашылығын дамыту; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жабдықтары; мал шаруашылығын дамыту; басқа бағыттардың бизнес жобалары. Несиелендірудің қандай шарттары Шағын несие мерзімі 5 жылға дейін, бірақ мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін түзетумен - 7 жылға дейін. Микрокредиттің ең жоғары сомасы: ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда - 8,6 млн. теңге; шағын және орта шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін зәкірлік кооперация - 27,6 млн. теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі - жылына 2,5% -дан аспайды. Микрокредиттер: жұмыссыздарға; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын қызметкерлерге; дара кәсіпкер ретінде тіркелместен табыс табу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлерге; отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелеріне; ісін жаңа бастаған және/немесе жұмыс істеп жатқан дара кәсіпкерлерге беріледі.

    abay-agro·
    Сұрақ

    Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылар қандай құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы қажет

    Жауап

    Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушының СМАЖ-дағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын растау болып табылады.

    abay-agro·
    Сұрақ

    "Кен Дала 2" несие бағдарламасы бойынша талаптары

    Жауап

    Өтініш беруші/қарыз алушы/қаржыландырылатын жоба Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген талаптарға, оның ішінде келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: - кемінде 3 (үш) жыл қызмет тәжірибесінің болуы, жоғарыда аталған тәжірибесі болмаған жағдайда, облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің қолдаухаты/ауыл шаруашылығы жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлғаның немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған жазбаша қолдаухаты болған жағдайда қаржылындыру мүмкін болады; - меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуы (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды); - кредиттеу көлемі ағымдағы жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына берілген кредит қаражаттарының көлемі ескеріле отырып, мәлімделген егіс алаңының 1 (бір) гектарына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар нормативі негізінде айқындалады; - дақылдар бөлінісінде соңғы 3 (үш) жылдағы нақты тұқым себілген алқаптар мен өнім шығымдылығы туралы мәліметтерді растау. Бұл мәліметтер болмаған жағдайда, аудан бойынша өнім шығымдылғы туралы мәліметтерді қолдану қажет; - меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуын растайтын құжаттарды ұсыну (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды); - кредиттік қаражаттардың пайдаланылуы айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда, тек қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады; - ЕДБ-те немесе Ұлттық пошта операторында қарыз сомасы аударылатын және қарыз қаражаттарын жұмсау жүзеге асырылатын есеп шот ашу/болуы, айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда.

    abay-agro·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.