Өтініш беруші/қарыз алушы/қаржыландырылатын жоба Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген талаптарға, оның ішінде келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- кемінде 3 (үш) жыл қызмет тәжірибесінің болуы, жоғарыда аталған тәжірибесі болмаған жағдайда, облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің қолдаухаты/ауыл шаруашылығы жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлғаның немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған жазбаша қолдаухаты болған жағдайда қаржылындыру мүмкін болады;
- меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуы (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды);
- кредиттеу көлемі ағымдағы жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына берілген кредит қаражаттарының көлемі ескеріле отырып, мәлімделген егіс алаңының 1 (бір) гектарына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар нормативі негізінде айқындалады;
- дақылдар бөлінісінде соңғы 3 (үш) жылдағы нақты тұқым себілген алқаптар мен өнім шығымдылығы туралы мәліметтерді растау. Бұл мәліметтер болмаған жағдайда, аудан бойынша өнім шығымдылғы туралы мәліметтерді қолдану қажет;
- меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуын растайтын құжаттарды ұсыну (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды);
- кредиттік қаражаттардың пайдаланылуы айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда, тек қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады;
- ЕДБ-те немесе Ұлттық пошта операторында қарыз сомасы аударылатын және қарыз қаражаттарын жұмсау жүзеге асырылатын есеп шот ашу/болуы, айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда.