Гранттық қаржыландыру

    Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің аппараты

    Сұрақ

    Гранттық қаржыландыру

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 2-ден 5 млн.теңгеге дейін беріледі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі.

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді.

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

    1) кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды);

    2) жаңа жұмыс орындарын құру;

    3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

    Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:

    1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;

    2) материалдық емес активтерді сатып алу;

    3) технологияны сатып алу;

    4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

    5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар кіреді.

    Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.

    1. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды:

    1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

    2) жалдау ақысы ретінде;

    3) аффилирленген/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға); 4) бұрынғы пайдаланудағы негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға. Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады.

    Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді:

    1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;

    2) салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барларға;

    3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

    4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мектепке дейінге ұйымдарға орын алу үшін кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында "мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу үшін балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызметі 2018 жылдан бастап автоматтандырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 527 бұйрығына сәйкес https://balabaqsha.snation.kz және https://indigo24.kz . Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері мектепке дейінгі ұйымдарға орын бөлуге қатыспайды. Жергілікті атқарушы органдар

    Сұрақ

    Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар?

    Жауап

    "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру, субсидиялау, бизнес жобаларға кепілдік беру жүзеге асырылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.