Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің аппараты

    Жалпы ақпарат

    «Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) жергілікті атқарушы орган мен қала әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық салада қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
    Әкім аппараты өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілеріне және өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады

    ОтырысАяқталды

    16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

    Қазақстанның Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. "Қазақстанның Тәуелсіздік күнін" өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістіктегі өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған соңғы одақ болды.

    16 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    25 қазан Республика күні

    Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. 5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 25 қазан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні, деп жарияланды.

    25 қазан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    30 тамыз Конституция күні

    1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды. Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік шығу тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды қорлаудың кез-келген түріне тыйым салынады. Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының дамуы мен тұрақтылығына, әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Құрметті қазақстандықтар, Конституция күнімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз!

    30 тамыз 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    6 шілде Астана күні

    6 шілдеде Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47-IV Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке – Астана күні (Астана күні) атап өтіледі. Елорданы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі № 106-XIII қаулысымен (сол себепті 6 шілде Астана күні болып саналады) анықталды. Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы түпкілікті шешімді 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы «Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» 1998 жылғы 6 мамырдағы № 3941 Жарлығымен астана атауы өзгертілді. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті. Ал қала астана мәртебесін алғаннан бері Астана күні 10 маусымда тойланса, 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.

    6 шілде 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мектепке дейінге ұйымдарға орын алу үшін кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында "мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу үшін балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызметі 2018 жылдан бастап автоматтандырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 527 бұйрығына сәйкес https://balabaqsha.snation.kz және https://indigo24.kz . Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері мектепке дейінгі ұйымдарға орын бөлуге қатыспайды. Жергілікті атқарушы органдар

    Сұрақ

    Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар?

    Жауап

    "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру, субсидиялау, бизнес жобаларға кепілдік беру жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Гранттық қаржыландыру

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 2-ден 5 млн.теңгеге дейін беріледі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары: 1) кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды); 2) жаңа жұмыс орындарын құру; 3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы. Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады: 1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу; 2) материалдық емес активтерді сатып алу; 3) технологияны сатып алу; 4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу; 5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар кіреді. Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды . Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды: 1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға; 2) жалдау ақысы ретінде; 3) аффилирленген/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға); 4) бұрынғы пайдаланудағы негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға. Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді: 1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған; 2) салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барларға; 3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын; 4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.