Гендерлік теңдік институтын нығайту
1995 жылы Пекин декларациясына қосылған сәттен бастап мемлекет мақсатты түрде гендерлік саясатты қалыптастыруға бағыт алды. 1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды, өңірлерде тиісті консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді.