Гендерлік теңдік институтын нығайту

    abay-ishki-sayasat

    abay-ishki-sayasat·
    Сұрақ

    Гендерлік теңдік институтын нығайту

    Жауап

    1995 жылы Пекин декларациясына қосылған сәттен бастап мемлекет мақсатты түрде гендерлік саясатты қалыптастыруға бағыт алды. 1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды, өңірлерде тиісті консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Облыстық Достық үйінде ашылған этномедиация орталығының қызметіне/көмегіне қалай жүгіне аламын

    Жауап

    Ашылған этномедиация орталығының мақсаты – өңірдің этносаралық қатынастары саласындағы медиацияны дамыту мәселелерін жалпы үйлестіру, этносаралық шиеленістің ерте алдын алу шараларын әзірлеу, іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу, оның ішінде облыстағы қала мен аудандарға шығу, этносаралық негіздегі жанжалдардың алдын алу және реттеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды, кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу, қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және тағы басқа да міндеттер кіреді. Семей қ. Абай көшесі №99 мекенжайында «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ ғимаратында орналасқан этномедиация орталығының әдіскерлеріне жолыға аласыз.

    abay-ishki-sayasat·
    Сұрақ

    Абай облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің негізгі мақсат-міндеттері

    Жауап

    Міндеті - Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақ халқының топтастырушы рөлін ескере отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және дамытуға бағытталған қызметін қамтамасыз ету. Мақсаты - облыс аумағында тұратын этностардың бай әрі бірегей мәдениетін сақтау және дәріптеу негізінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады .

    abay-ishki-sayasat·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.