Жіті ішек инфекциясы - бұл асқазан-ішек жолдарының басым зақымдануымен әртүрлі микроорганизмдер тудыратын көптеген аурулар тобы. Олардың ішіндегі ең "зиянсыз" – тамақтан улану, ең қауіптісі – тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, сальмонеллез, дизентерия және т. б.
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары лас қолдарда, жуылмаған көкөністер мен жемістерде, қайнатылмаған суында болуы мүмкін.
Жедел ішек инфекциясы бірден пайда болмайды , бірақ жасырын кезеңнен кейін – бірнеше сағаттан 5-7 күнге кейін пайда болуы мүмкін .
Жедел ішек инфекциясына күдік туындаған жағдайда дереу дәрігердің кеңесіне жүгіну керек!
- Тазалықты сақтаңыз, тағамды инфекцияның ықтимал тасымалдаушыларынан қорғаңыз .
- Шикі және пісірілген тағамдарды бөлек сақтаңыз .
- Өнімдерді жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз .
- Азық- түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз.
- Қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі тағамдарды қолданыңыз.
- Тез бұзылатын тағамдарды жеуге болмайды .
- Арнайыбелгіленген жерлердеғанашомылыңыз.