Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы қалай артады?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралыә 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбпү қаулыларына сәйкес базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛЖ) азаматтық қызметшілердің де, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың (мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және әлеуетті органдардың қызметкерлері, депутаттар, судьялар және т.б.) қызметкерлерінің де лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін қолданылады. Бюджеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы БЛЖ-ны жұмыс өтілі бойынша коэффициентке көбейту жолымен айқындалады (қолданыстағы жүйе бойынша қызметкердің еңбегі сараланған түрде төленеді және орындалатын жұмыстың біліктілігіне, күрделілігіне және санына байланысты болады). Бұл ретте, жұмыскерлердің көрсетілген санаттарының санын ескере отырып, БЛЖ-ны арттыру туралы бір мезгілде шешім қабылдау не оны жыл сайын индекстеу мемлекеттік бюджеттен елеулі бюджет қаражатын бөлуді талап етеді. Сонымен қатар, мемлекет қаржы-экономикалық мүмкіндіктерге сүйене отырып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін кезең-кезеңімен арттыратынын атап өтеміз. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін коэффициенттерді қайта қарау және бюджеттік мүмкіндіктерге қарай үш жылда бір рет индекстеуді жүзеге асыру бойынша шаралар пысықталып жатқанын атап өткен жөн.