Тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем қалай есептеледі?
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес, егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, энергияға ақы төлеу энергияны есепке алу деректеріне сәйкес айқындалатын, абонент іс жүзінде қабылдаған энергия мөлшері үшін жүргізіледі. Сонымен бірге, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 62-тармағына сәйкес тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша, белгіленген тәртіппен бекітілген, реттеуші орган бекіткен тариф бойынша есептеледі. Жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыда коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде, көрсетілген қызметтердің көлемі Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеу жолымен айқындалады. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет үшін төлемақы мөлшерін есептеу тетігі тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған. Сонымен қатар, бекітілген тарифтер мен басқа да мәселелер бойынша қосымша ақпарат алу үшін тұтынушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаментіне (Аумақтық департаменттердің мекен-жайлары сайтта көрсетілген) хабарласуды ұсынамыз www.gov.kz/memleket/entities/krem/ бөлімде: Басты – Комитет туралы – Комитеттің құрылымы – Аумақтық департаменттер), тұтынушының орналасқан жері бойынша.