Тұрғын үйді кім жекешелендіре алады?

    pavlodar-sharbakty

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    Тұрғын үйді кім жекешелендіре алады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы лауазымда болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істеген болса, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады, сондай-ақ жұмыс мерзіміне қарамастан егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша тоқтатылса:

    1) ұйымды тарату, жұмысшылар санын немесе штатын қысқарту;

    2) одан әрі жұмысқа кедергі келтіретін ауруға байланысты;

    3) зейнетке шығуға байланысты.

    Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғын үйді тегін жекешелендіреді.

    Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

    Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен судьялар, Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер олар мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы лауазымда болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істеген болса, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады, сондай-ақ егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша тоқтатылса, жұмыс мерзіміне қарамастан:

    1) ұйымды тарату, жұмысшылар санын немесе штатын қысқарту;

    2) одан әрі жұмысқа кедергі келтіретін ауруға байланысты;

    3) зейнетке шығуға байланысты.

    Қызметтік тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

    Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үйлер берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, егер олар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.

    2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеуде он жыл және одан да көп әскери қызметте болған әскери қызметшілердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үйді (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын үйлерді қоспағанда) осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртіппен жекешелендіруге құқығы бар.

    2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеуде он бес жыл және одан да көп әскери қызметте болған әскери қызметшілердің күнтізбелік есептеуде жиырма жыл әскери қызметтен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.

    Күнтізбелік есептеуде он жыл және одан да көп еңбек сіңірген әскери қызметшілер немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қызметтегі жағдайының шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтен босатылған адамдар өздері тұратын, оларға теңестірілген қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.

    Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда әскери қызметтен немесе қызметтен қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты күнтізбелік есептеуде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген, қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген өздері алып жатқан тұрғын үйлерді тегін жекешелендіруге құқылы.

    Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтен босатылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғын үй берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген, Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стенділерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады: 1) конкурсқа қатысуға өтінім; 2) конкурстық ұсыныс; Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты Жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады. Баяндалғанға байланысты аудандардың, облыс қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру жөніндегі конкурс жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    Жауап

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы Кодекстің 49-1-бабының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    ЭЦҚ кілтін қайта шығару немесе жаңа ЭЦҚ кілттерін алу мерзімі аяқталды.

    Жауап

    ҚР Ұлттық куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сізге өтінім онлайн режимде pki.gov.kz сайтында немесе қажет құжаттар жиынтығын ХҚКО-ға беру болады (сондай-ақ өтінімді тікелей ХҚКО-ға тапсыруға болады).

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағаннан кейін уәкілетті орган мүгедектігі бар адамды әлеуметтік қызметтер порталына жолдайды, мүгедектігі бар адам өзінің жеке қажеттіліктеріне қарай абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынылған өнімді немесе қызметті таңдай алады.

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін бірінші кезекте жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істемейтін және еңбек делдалдығын жүзеге асыратын, мансап орталықтары деп танылатын адамдарды тіркеу қағидаларына» сәйкес). «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәсілдері: Мансап орталығы, «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz., «Ээлектрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (сайт www.enbek.kz ). Мансап орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін келесі құжаттарды көрсету қажет: 1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 2)еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса). «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін: www.egov.kz немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Егер Мансап орталығы үш жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін қолайлы жұмыс таңдамаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда Мансап орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы электрондық түрде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім жобасын жібереді.

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға өтініш берілген сәттен бастап, барлық қажетті құжаттармен бірге, тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібінде беріледі.

    pavlodar-sharbakty·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы кімге беріледі?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредиттер және көтерме жәрдемақы беріледі. Бағдарламаға ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен олардың орынбасарларын қоспағанда) қатыса алады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін otbasybank.kz. порталда тіркелу қажет. Көтерме жәрдемақы алу үшін жеке куәлікті, білімі туралы дипломды, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса беру қажет.

    pavlodar-sharbakty·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.