Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді. ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген. Шаруа қожалығын ашу үшін жер учаскесін қалай алуға болады? Жауабы: ҚР Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалану құқығы тек конкурс арқылы беріледі. Конкурсты ұйымдастырушы ақпараттық хабарламаны конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей жариялайды. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар қажет:жеке куәлік,конкурсқа қатысушысының өтінішінің тұпнұсқасы, бизнес жоспар немесе өндірістік бағдарлама, жер пайдалануда ауыл шаруашылық техникасының бар екендігін растайтын анықтама не жалдау (жалға алу немесе сатып алу), шарты елді мекендегі тұрғылықты жері бойынша ақпарат. Бұрын маған елді мекен жерлерінде жайылымдық жерлер берілгендіктен, жер учаскесін қалай ұзартуға болады? Жауабы: Жер кодексінің 26 бабының 3 трамағына сәйкес жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартумүмкін емес.Бұл мәселенін шешімі елді мекеннің жер шаруашылық құрылымын жаңарту болып табылады. ЖХК әзірлеу мақсатында "Май ауданының жер қатынастары бөлімі " мемлекеттік мекемесі Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берді.