Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады

    pavlodar-maysk

    pavlodar-maysk·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

    ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.

    Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.

    Шаруа қожалығын ашу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауабы: ҚР Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалану құқығы тек конкурс арқылы беріледі. Конкурсты ұйымдастырушы ақпараттық хабарламаны конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей жариялайды. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар қажет:жеке куәлік,конкурсқа қатысушысының өтінішінің тұпнұсқасы, бизнес жоспар немесе өндірістік бағдарлама, жер пайдалануда ауыл шаруашылық техникасының бар екендігін растайтын анықтама не жалдау (жалға алу немесе сатып алу), шарты елді мекендегі тұрғылықты жері бойынша ақпарат.

    Бұрын маған елді мекен жерлерінде жайылымдық жерлер берілгендіктен, жер учаскесін қалай ұзартуға болады?

    Жауабы: Жер кодексінің 26 бабының 3 трамағына сәйкес жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартумүмкін емес.Бұл мәселенін шешімі елді мекеннің жер шаруашылық құрылымын жаңарту болып табылады. ЖХК әзірлеу мақсатында "Май ауданының жер қатынастары бөлімі " мемлекеттік мекемесі Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз. Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз. Сатып алу құқығынсыз берілген арендалық тұрғын үйді жекешелендіруге болама? Жауабы: ҚР"Тұрғын үй қатынастары" заңының 13 бабына сәйкес сатып алу құқығынсыз берілген үйлер жекешелендіруге жатады."Май ауданы экономикасының нақты секторыбөлімі" ММ "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлкеттік қызметін беруші болып табылады: Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі-30 күнтізбелік күн. Кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй қандай тәртіппен беріледі? Жауабы : Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74 бабының 1 тармағына сәйкес Кезекте тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлер тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

    pavlodar-maysk·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.