Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет?
Мұның екі жолы бар:"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет;"Электрондық үкімет" порталы арқылы қажет құжаттарды тіркеп, электронды цифрлық қолтаңба қою қажет. Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?есепке қою туралы өтініш;жеке басын куәландыратын құжат;халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерін растайтын жиынтық табысты есептеу бойынша анықтаманы ұсынады. Сәйкесінше, отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс көзі 96 668 теңгеден аспауы тиіс (анықтаманы ХҚКО береді);неке қию/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлігі;"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар:толық емес отбасылар некені бұзу туралы/жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы/әке болуды анықтау туралы куәлік/ № 4 нысан (көшірмесі);көпбалалы отбасылар көпбалалы ананың кітапшасының көшірмесін ұсынады;жетім балалар ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік/сот шешімі/қорғаншылық туралы құжаттар/балалар үйінен анықтама (көшірмесі);1 және 2 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі);мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады;жасына байланысты зейнетке шыққандар зейнетақы кітапшасының көшірмесін ұсынады;оралмандар оралман куәлігін ұсынады (көшірмесі);кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар ауру туралы медициналық қорытынды ұсынады (көшірмесі);экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар тұрғын үйді техникалық тексеру жөніндегі қорытындысының көшірмесін ұсынады;жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар тұрғын үйді апаттық деп тану туралы қорытынды ұсынады.