ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КЕЗЕККЕ ҚАЛАЙ ТҰРУҒА БОЛАДЫ?
Егер сіз тұрғын үйге кезек санатының біріне жатсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығыңыз бар. Құжаттарды egov.kz порталында немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ (ХҚКО) бөлімшесінде онлайн тапсыруға болады. Құжаттарды қарау қызметі тегін. Ол үшін egov.kz порталында беттің оң жақ бұрышындағы кіру түймешігін басып, куәлікті таңдау қажет. ЭЦҚ қолтаңбасын таңдап, Ашу түймешігін басып, құпия сөзді енгізіңіз. Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріңіз және мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы бойынша бөлімшені таңдаңыз. Ашылған бетте онлайн сұрау түймешігін басыңыз және бірінші қадамда кезекке қоюды белгілеңіз. Екінші қадамда тиісті санатты таңдап, ұялы телефон нөмірін, электрондық поштаны, отбасы мүшелерінің ЖСН-ін енгізіп, Деректерді толтыруды аяқтау түймешігін басыңыз. Үшінші қадамды таңдап, құпия сөзді енгіземіз. Осы қадамдардан кейін экранда «Сіз тұрғын үйге кезекке қою үшін өтініш бердіңіз, жолданған өтініш 30 күн ішінде қаралады» хабарлама көрсетіледі. Осылайша, Сіз тұрғын үйге кезекке тұруға өтінім жібересіз. Ақпарат сіз үшін пайдалы болды деп үміттенеміз.