2024 жылдың тамыз айында мен екінші спортшының жеңісіне арналған теннис матчына онлайн қосымша арқылы ставка жасадым. Оның жеңісін мен теледидардан көрдім. Бұл букмекерлік кеңсе ұтылған ставканы есептеп, ұтысты төлеуден бас тартты. Менің ақшамды алуға көмектесіңіз
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2- тармағына сәйкес Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында көрінетін жерге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастырады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 913-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет немесе уәкілетті мемлекеттік органнан тәуекелге негізделген тотализаторлар мен басқа да ойындарды өткізуге лицензия алған адам арасындағы қатынастар, ал лотереялар үшін – лотерея операторы мен осындай ойындарға қатысушы арасындағы қатынастар шартқа негізделген. Осылайша, қолданыстағы заңнаманың жоғарыда келтірілген нормаларынан көрініп тұрғандай, сіз бен букмекерлік кеңсе арасында туындаған өзара қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу салдарынан тұтынушыға келтірілген моральдық зиянды өтеу жолымен азаматтық құқықтарды қорғауды тұтыну дауларын сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес құқықты бұзатын немесе оны бұзу, залалдарды өндіріп алу, моральдық зиянды өтеу қаупін туғызатын әрекеттердің жолын кесу жолымен азаматтық құқықтарды қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, букмекерлік кеңсе тарапынан қандай да бір уағдаластықтар орындалмаған, сондай-ақ Сотқа дейінгі реттеу шеңберінде тараптардың келісіміне қол жеткізілмеген жағдайда, сіз азаматтық құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылысыз.