Орфандық аурумен ауыратын науқастар жергілікті бюджет қаражаты есебінен және «Қазақстан халқына» Қоры арқылы қамтамасыз етіледі :
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін реттеу.
Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін реттеу ҚР ДСМ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № КР ДСМ -142 «Орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде жүзеге асырылады .
Препаратты жоспарлау
Орфандық аурулары бар пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйым диспансерлік науқастарды ескере отырып, қажетті дәрілік заттарға өтінім қалыптастырады және түзету енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау басқармасына жібереді.
Бақылау және тексеру.
Сатып алу жүргізілгеннен кейін МФҚБК бақылауын жүзеге асыратын медициналық ұйымдар бойынша дәрілік заттарды жеткізу жүзеге асырылады , барлық нормалар мен стандарттардың сақталуын тексеруді, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың сапасын бақылауды жүргізеді.