Егер адам Алматы қаласында тіркелген болса, алайда Алматы облысында тұрса, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 "Халықты тіркеу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес тұрғылықты жері өзгерген кезде, жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уақытша тұру үшін уәкілетті органға құжат тапсырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 "Жеке тұлғаларды бастапқы медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, азамат тұрғылықты жеріңіздің емханасына өз бетінше немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру арқылы тіркеле алады.