2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары (Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарды береді.
Министрлік өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар сериясын бекітеді.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың нөмірлері мен QR кодтарын генерациялау Арнайы қызмет арқылы жүзеге асырылады, оның көмегімен жоғары оқу орындарына сериялар мен реттік нөмірлеу, сондай-ақ QR коды беріледі.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың нөмірлерін қалыптастыру ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізілген білім алушылар туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Білім алушы ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда нөмірлерді генерациялау мүмкін емес.
Генерацияланған нөмірлер мен QR кодтары жоқ өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар жарамсыз болып саналады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қорғаныш белгілері болады.