Білім туралы құжатты апостильдеу үшін не қажет?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Сұрақ

    Білім туралы құжатты апостильдеу үшін не қажет?

    Жауап

    Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйым ретінде айқындалған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуір №545 қаулысына сәйкес).

    Апостилдеу рәсімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығы).

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

    Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен немесе «е-гов» порталы арқылы ұсынған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарын апостильдеу рәсімінің негізгі талаптарының бірі білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына сұрау салудың ресімделуі. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқығаны расталған жағдайда бекітліген мерзім шегінде құжатқа «апостиль» мөртаңбасы қойылады да қызметті алушыға жолданады.

    Білім туралы құжатты апостилдеуден бас тарту негіздері:

    1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

    2) ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар ма?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар. Құжаттарды тапсыру сәтінде үміткердің жасы заңнамада белгіленген жалпы зейнеткерлік жас шегінен аспауы тиіс.

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткеннен кейін еңбек өтеу қай жерде жүзеге асырылуы қажет?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен түлектер міндетті еңбек қызметін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оларды жіберген ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдарында, өкілдіктерінде не жұмыс берушінің келісімі болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де ұйымдарда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл мерзімге жүзеге асыруы тиіс.

    Сұрақ

    Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінде кепіл ретінде жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда не істеуге болады?

    Жауап

    Егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының) кепіл ретінде ұсынатын жылжымайтын мүлкі болмаса, Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгер ұсына алады. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.

    Сұрақ

    «Болашақ» стипендиясы бойынша конкурсқа өтініш пен құжаттарды қарау қанша уақытты алады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қарау және қабылдау немесе «Болашақ» стипендиясы конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

    Сұрақ

    «Мемлекеттік қызметшілер» санатындағы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары тілдік курстардан шетелде өте ала ма?

    Жауап

    «Мемлекеттік қызметшілер» санаты (магистратура) бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне арналған тілдік курстар тек Қазақстан Республикасының аумағында және 12 айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.

    Сұрақ

    Жоғары және жоғары оқу орнындағы білім беру саласындағы білім беру қызметіне лицензия және(немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Жоғары білім беру ұйымы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап білім беру қызметімен айналысу құқығы туындайды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласында қызметін лицензиялау кадрларды даярлау бағыттары («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы негізінде) мен оқыту нысандары (күндізгі, онлайн-оқыту, экстернат) бойынша жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі – берілген күннен бес жылды құрайды. Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру мемлекеттік қызмет түрі болып табылады, оның рәсімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892 . Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі негізгі шарт болып табылады. Өтініш беру алдында білім беру бағдарламаларын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркеуді қамтамасыз ету қажет, операторы – «Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК. Әрі қарай, әрбір біліктілік талабының тармағы бойынша (материалдық-техникалық жабдықталу (оқу корпустары, зертханалық үй-жайлар, оқу-техникалық құралдар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.), профессор-оқытушы құрамымен қамтамасыз етілуі, ғылыми әлеует және басқалары) растау құжаттарының болуы қажет. Осылайша, жоғары білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жайлы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ғана өтініш және біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар келіп түскен жағдайда, отыз жұмыс күні ішінде қарастырылады.

    Сұрақ

    Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесінің 3-Тізімде тұрған журналда шыққан мақала гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми атаққа үміткерлері үшін ескеріледі ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-тізім және әскери және арнайы органдар журналдарының тізімі. Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелеріне (2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрық, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939 ) сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарға ізденушілер үшін тек қана 1-тізім және 2-тізімдерге кіретін журналдарда жарияланған мақалалар есептеледі. 3-тізімдегі журналда шыққан мақалалар бұл ретте ескерілмейді. Мысалы, Сіздің мақалаңыз «Қазақстан шығыстануы» журналында 2025 жылы шықты. Бұл журнал Комитеттің басылымдар тізбесінде 3-тізімге шығыстану бойынша 2024 жылғы №3 нөмірден бастап енгізілген, ғылыми атаққа ұсынатын ізденушіге осы мақала ескерілмейді

    Сұрақ

    Пысықтаудан кейін ұсынылған диссертациялық жұмысты қарау бойынша диссертациялық кеңестің отырысы қалай өтеді?

    Жауап

    Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш ай мерзімде ұсынылады. Егер докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен келіспейтін болса, онда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады. Диссертациялық кеңестің отырысына дейін пысықталған диссертация Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегенін тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды талқылау жөнінде отырыс өткізеді. Отырыста диссертациялық кеңестің кем дегенде 2/3 мүшесі қатысу керек, оның ішінде уақытша мүшелермен ресми рецензенттердің қатысуы міндетті. Отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі, бірақ интернетте онлайн трансляция керек емес. Шешім жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Нормативті түрде бұл Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде көрсетілген (2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.