Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады. Білім беру қызметімен айналысу құқығы Жоғары білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметті лицензиялау кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі – берілген күннен бастап бес жыл.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі болып табылады және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрықпен).
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының 2-тармағына сәйкес Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру не оларды беруден уәжді бас тарту құжаттардың ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштер мен құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жөніндегі қызмет ақпараттық жүйе арқылы автоматты режимде көрсетіледі, біліктілік талаптарын растайтын өтініш пен құжаттар «Е-лицензиялау» порталында электрондық нысанда беріледі ( http://e-license.kz).