PhD және бейіні бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің талаптарына (бұдан әрі – Үлгі ереже) сәйкес құрылады.
Даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашу үшін ЖОО келесі шарттарды орындау керек (Үлгі ереженің 3-тармағы):
1) ЖОО-да докторантура бағдарламасы бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша болуы тиіс;
2) ЖОО соңғы 3 (үш) жыл ішінде докторантураның білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізуі тиіс;
3) ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары болуға тиіс;
4) ЖОО-да барлық үш курста грант бойынша білім алушылар контингенті болуға тиіс.
Осы шарттарға сәйкес ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде диссертациялық кеңестерді дербес ашады.
Ерекше мәртебесі жоқ жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен ашылады.
Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-дағы диссертациялық кеңестердің тізімі ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің сайтында орналастырылған.