Ғылыми сала бойынша ғылыми дәрежелерін, PhD (философия докторы) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығында, бiлiм туралы құжаттарды тану жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет шеңберiнде жүзеге асырылады.
Ғылыми саладағы дәрежелердi, PhD (философия докторы) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану тәртiбi «Бiлiм туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №268 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану рәсімі екі кезеңде жүргізіледі:
1) дәреже беру туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) диссертация және ғылыми мақалалар сараптамасы.