Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері (ӘКС) Кәсіпкерлік кодексте көрсетілген бір немесе бірнеше шарттарға сәйкес төрт санатқа (бірінші, екінші, үшінші және төртінші) бөлінеді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілер тізіліміне енгізу үшін санаттар
1-санат – әлеуметтік осал санаттағы халықтыжұмыспен қамтуға жәрдемдесетін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер:
• мүгедектігі бар адамдар;
• мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және қамқоршылар;
• зейнеткерлер және зейнет жасына дейінгі азаматтар (зейнет жасына шығуға 5 жыл қалғанда);
• балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттардың тәрбиеленушілері (16-дан 23 жасқа дейін);
• аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардағы ата-аналар және өзге де заңды өкілдер;
• қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғалар – босатылғаннан кейін 12 ай ішінде;
• қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар;
• тұрақты мекенжайы жоқ адамдар;
• есірткіге тәуелділіктен немесе психоактивті заттарға тәуелділіктен емделіп, әлеуметтік-медициналық оңалтудан өткен тұлғалар – емделгеннен кейінгі 12 ай ішінде;
• қандастар.
Қажетті шарттар (өткен жыл үшін):
• Жұмыспен қамтылған адамдардың кемінде 50%-ы ӘОСХ қатарына жататын болуы керек (бірақ ӘОСХ-қа жататын кемінде 2 адам болуы қажет);
• ӘОСХ-қа еңбек ақы төлеуге жұмсалған шығындар жалпы жалақы қорының кемінде 25%-ын құрауы тиіс.
2-санат – бірінші санаттағы ӘОСХ жасаған тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге жәрдемдесетін ӘКС:
Қажетті шарттар (өткен жыл үшін):
• Көрсетілген қызметтен түскен кіріс жалпы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс;
• Ағымдағы күнтізбелік жылы осы қызметке бағытталған таза кіріс көлемі (бар болған жағдайда) осы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс.
3-санат – бірінші санаттағы ӘОСХ тарапынан көрсетілетін тауарларды өндірумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен айналысатын ӘКС:
1. әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
2. азаматтардың денсаулығын бақылау, сауықтыру және күтім бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
3. әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету қызметтері;
4. мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
5. жұмыспен қамтуға және еңбекке бейімдеуге жәрдемдесу бойынша әлеуметтік-еңбек қызметтері;
6. қарым-қатынас дағдыларын арттыру, бейімделу, оңалту, әлеуметтік сүйемелдеу қызметтері;
7. тек аурулардың алдын алу, мүгедектігі бар адамдарды оңалту мақсатында қолданылатын медициналық техника, протездер, ортопедиялық құралдар өндіру және денсаулық сақтау саласына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
8. мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру;
9. қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;
10. мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету және жағдай жасау.
Қажетті шарттар (өткен жыл үшін):
• Көрсетілген қызметтен түскен кіріс жалпы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс;
• Ағымдағы күнтізбелік жылы осы қызметке бағытталған таза кіріс көлемі (бар болған жағдайда) осы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс.
4-санат – келесі бағыттарда жұмыс істейтін ӘКС:
1. отбасын нығайтуға, аналықты және балалықты қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;
2. балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру;
3. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру;
4. ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, оқуда, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған балаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету;
5. әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) волонтерлерін оқыту, біліктілігін арттыру;
6. мәдени-ағартушылық қызмет (жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, архивтер, студия-мектептер, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет үйлері мен халық шығармашылығы орталықтары);
7. қоршаған ортаны қорғау;
8. ӘОСХ-қа гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық сақтау орталықтарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау шараларын өткізу.
Қажетті шарттар (өткен жыл үшін):
• Көрсетілген қызметтен түскен кіріс жалпы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс;
• Ағымдағы күнтізбелік жылы осы қызметке бағытталған таза кіріс көлемі (бар болған жағдайда) осы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс.
|