Ақтөбе облысында туризмнің қандай түрлері басым?

    aktobe-kasipkerlik

    aktobe-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Ақтөбе облысында туризмнің қандай түрлері басым?

    Жауап

    Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында туризмнің келесі түрлері даму үшін басым болып табылады:

    - экологиялық туризм (агротуризм) - бірегей табиғи объектілер: Қарғалы су қоймасы, "Қасқыр" сарқырамасы," Немой " ауыл (Қарғалы ауданы), "Аққұм" құмдары, "Ақтолағай" бор таулары (Байғанин ауданы), "Барқын" құмдары (Ойыл ауданы); "Аққайың" орманы (Мәртөк ауданы)

    – мәдени-танымдық, киелі туризм-өңірдің тарихи және мәдени мұра объектілері, сондай-ақ Қазақстанның киелі картасына енген объектілер: "Қобыланды батыр" мемориалдық кешені, "Абат Байтақ" кесенесі, "Исатай батыр" кесенесі (Қобда ауданы), "Есет батыр" мемориалдық кешені (Алға ауданы).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Туризм саласын мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары бар?

    Жауап

    2022 жылдан бастап туризм саласында мемлекеттік қолдаудың осындай түрлері жұмыс істейді. 1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады; 2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады; 3) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (25%). Өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады; 4) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (ай сайын 83 300); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

    aktobe-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Сұйытылған мұнай газының тапшылығын болдырмау үшін қандай жұмыстаржүргізілуде?

    Жауап

    Сұйытылған мұнай газын талондар бойынша сатуға және меморандумдарға қол қою мақсатында, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы бастамасымен газ толтыру станцияларының және автогаз құю станцияларының басшылары және өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы нәтижесінде 21 меморандумға қол қойылды. Зауыттардан жөнелтілген көлемдерді бақылау мақсатында, 2024 жылғы 16 қазандағы өкіммен «Ақтөбе облысының автогаз құю және газ толтыру станцияларына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы» құрылды. Кәсіпкерлік басқармасымен облыс аумағындағы газ толтыру станцияларына және автогаз құю бекеттеріне бару арқылы 300-ге жуық мониторинг жұмыстары жүргізілді.

    aktobe-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қандай санаттарға бөлінеді?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері (ӘКС) Кәсіпкерлік кодексте көрсетілген бір немесе бірнеше шарттарға сәйкес төрт санатқа (бірінші, екінші, үшінші және төртінші) бөлінеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілер тізіліміне енгізу үшін санаттар 1-санат – әлеуметтік осал санаттағы халықтыжұмыспен қамтуға жәрдемдесетін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер: • мүгедектігі бар адамдар; • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және қамқоршылар; • зейнеткерлер және зейнет жасына дейінгі азаматтар (зейнет жасына шығуға 5 жыл қалғанда); • балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттардың тәрбиеленушілері (16-дан 23 жасқа дейін); • аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардағы ата-аналар және өзге де заңды өкілдер; • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғалар – босатылғаннан кейін 12 ай ішінде; • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар; • тұрақты мекенжайы жоқ адамдар; • есірткіге тәуелділіктен немесе психоактивті заттарға тәуелділіктен емделіп, әлеуметтік-медициналық оңалтудан өткен тұлғалар – емделгеннен кейінгі 12 ай ішінде; • қандастар. Қажетті шарттар (өткен жыл үшін): • Жұмыспен қамтылған адамдардың кемінде 50%-ы ӘОСХ қатарына жататын болуы керек (бірақ ӘОСХ-қа жататын кемінде 2 адам болуы қажет); • ӘОСХ-қа еңбек ақы төлеуге жұмсалған шығындар жалпы жалақы қорының кемінде 25%-ын құрауы тиіс. 2-санат – бірінші санаттағы ӘОСХ жасаған тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге жәрдемдесетін ӘКС: Қажетті шарттар (өткен жыл үшін): • Көрсетілген қызметтен түскен кіріс жалпы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс; • Ағымдағы күнтізбелік жылы осы қызметке бағытталған таза кіріс көлемі (бар болған жағдайда) осы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс. 3-санат – бірінші санаттағы ӘОСХ тарапынан көрсетілетін тауарларды өндірумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен айналысатын ӘКС: 1. әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; 2. азаматтардың денсаулығын бақылау, сауықтыру және күтім бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; 3. әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету қызметтері; 4. мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; 5. жұмыспен қамтуға және еңбекке бейімдеуге жәрдемдесу бойынша әлеуметтік-еңбек қызметтері; 6. қарым-қатынас дағдыларын арттыру, бейімделу, оңалту, әлеуметтік сүйемелдеу қызметтері; 7. тек аурулардың алдын алу, мүгедектігі бар адамдарды оңалту мақсатында қолданылатын медициналық техника, протездер, ортопедиялық құралдар өндіру және денсаулық сақтау саласына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу; 8. мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру; 9. қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру; 10. мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету және жағдай жасау. Қажетті шарттар (өткен жыл үшін): • Көрсетілген қызметтен түскен кіріс жалпы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс; • Ағымдағы күнтізбелік жылы осы қызметке бағытталған таза кіріс көлемі (бар болған жағдайда) осы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс. 4-санат – келесі бағыттарда жұмыс істейтін ӘКС: 1. отбасын нығайтуға, аналықты және балалықты қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер; 2. балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру; 3. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру; 4. ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, оқуда, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған балаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету; 5. әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) волонтерлерін оқыту, біліктілігін арттыру; 6. мәдени-ағартушылық қызмет (жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, архивтер, студия-мектептер, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет үйлері мен халық шығармашылығы орталықтары); 7. қоршаған ортаны қорғау; 8. ӘОСХ-қа гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық сақтау орталықтарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау шараларын өткізу. Қажетті шарттар (өткен жыл үшін): • Көрсетілген қызметтен түскен кіріс жалпы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс; • Ағымдағы күнтізбелік жылы осы қызметке бағытталған таза кіріс көлемі (бар болған жағдайда) осы кірістің кемінде 50%-ын құрауы тиіс.

    aktobe-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Инфрақұрылымды жүргізу түрінде қолдауды қалай алуға болады?

    Жауап

    Ұлттық жоба шеңберінде ШОБ субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу көзделген, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді. Инфрақұрылым түрлері: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасының құнынан және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасының құнынан 50% - дан аспауға тиіс. Қолдау алу үшін құжаттарды (нысан бойынша өтінім, бизнес-жоспар, ТЭН және жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама, сараптамалық қорытынды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары) ұсыну қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін "кәсіпкерлік басқармасы" ММ-не Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша хабарласуды ұсынамыз.

    aktobe-kasipkerlik·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.