Мемлекеттік сатып алу бойынша шағымда не көрсетілуі тиіс?
Мемлекеттік сатып алу бойынша шағымда не көрсетілуі тиіс? Қысқаша мазмұны Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне берілетін шағымда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс: әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе шешімдері шағымданатын заңды тұлғаның немесе сарапшының атауы және орналасқан жері; шағым берген тұлғаның атауы және орналасқан жері; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары орын алған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нақты қандай бұзушылықтары орын алғанын көрсету, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса беру; шағым жасалып отырған тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының немесе бірыңғай оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе шешімдері. Бөлімдер Мемлекеттік сатып алу, экономика және қаржы Мақалаға қолжетімділік Барлығына қолжетімді (әкімшілік органдар + өтініш берушілер) Автор Жүнісова Жанар Қасенқызы Автор ұйымы Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімі Қол қоюшы Уахитов Елнар Бекенұлы Сілтеме Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 596-тармағы, 2024 жылғы 9 қазандағы №687. Кілт сөздер Мемлекеттік сатып алу