Мемлекеттік сатып алу бойынша шағымда не көрсетілуі тиіс?
Қысқаша мазмұны
Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне берілетін шағымда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе шешімдері шағымданатын заңды тұлғаның немесе сарапшының атауы және орналасқан жері;
шағым берген тұлғаның атауы және орналасқан жері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары орын алған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нақты қандай бұзушылықтары орын алғанын көрсету, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса беру;
шағым жасалып отырған тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының немесе бірыңғай оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе шешімдері.
Бөлімдер
Мемлекеттік сатып алу, экономика және қаржы
Мақалаға қолжетімділік
Барлығына қолжетімді (әкімшілік органдар + өтініш берушілер)
Автор
Жүнісова Жанар Қасенқызы
Автор ұйымы
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімі
Қол қоюшы
Уахитов Елнар Бекенұлы
Сілтеме
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 596-тармағы, 2024 жылғы 9 қазандағы №687.
Кілт сөздер
Мемлекеттік сатып алу