КТПҚ өндіруге лицензия Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) енгізілген кен орындары бойынша беріледі.
Кен орнын МЖҚҚББ-на қосу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ҚР ИИДМ) өтініш беріледі. МЖҚҚББ ҚР ИИДМ сайтында орналастырылған.
Кен орны МЖҚҚББ-на енгізілгеннен кейін өндіруге лицензия беруге Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасына (ИИДБ) өтініш беріледі. Өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі және өтініш беруші туралы мәліметтерді, координаттары мен алаңы бар кен орнының сипаттамасын және лицензия мерзімін қамтуға тиіс. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
2) картограмма, шолу схемасы, топоплан;
3) тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;
4) жою жоспарының жобасы;
5) КТПҚ ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеп;
6) сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінде (оның бір бөлігінде) КСШ өндіретін жер қойнауын пайдаланушының келісімі;
7) өтініш берушіде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы (10 күн бұрын);
8) өтінім берілген жер қойнауы учаскесінде ҚПҚ ресурстарының жоқтығын растайтын «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінің қорытындысы.
Анықтама: Өтініш «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінде келісуден өтеді. Бұдан әрі өтініш беруші жобалау құжаттарын келіседі.
Тау-кен жұмыстарының жоспары Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен келісіледі.
Жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы (аттестатталған ұйымдар), ал ол жүргізілгеннен кейін – Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Өндіруге арналған лицензия жоғарыда көрсетілген келісімдердің оң қорытындылары мен мемлекеттік сараптамалар ұсынылғаннан кейін беріледі.