Аудандық мәдениет үйлерінде, клубтарда белгілі бір әртістің концертін ұйымдастыру үшін не істеу қажет?
Продюсері немесе өкілі концерт өткізуге рұқсат алу мақсатында облыстық мәдениет басқармасына хат жолдауы тиіс. Хатта концерт бағдарламасы, репертуар, өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ жоспарланған маршруттар нақты көрсетілуі қажет. Әншінің репертуары мен орындағалы отырған әндерінің мазмұны ҚР «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес сараланып, келісімшарт жасау барысында барлық талаптар ескеріледі. Осыған байланысты аудандық мәдениет бөлімдеріне тиісті қарастыру үшін ресми хат жіберіледі. Қосымша рұқсаттар мен келісімдерді алу мақсатында аудан әкімдігімен, ішкі саясат және мәдениет бөлімдерімен келісу қажет. Қажет болған жағдайда концерт барысында қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі және медициналық қызмет көрсету мәселелері полиция, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарымен бірлесе ұйымдастырылады.





