Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын беру үшін ең алдымен, аталған тұлғаны республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына ұсыну үшін қажетті құжаттар жинақтау қажет.
Қажетті құжаттар тізімі: ұсынылған адамның өмірбаяндық деректері, еңбек кітапшасының көшірмесі, ғылыми еңбектері, орден, медальдері туралы архивтік құжаттар және тұлға жайында Республикаға айрықша еңбегі сіңгені туралы тарихи дәлелді деректердің, марапаттарының, газетке шыққан мақалалардың көшірмелері және ұсыныс.
Жоғарыда аталған құжаттар толық жинақталған жағдайда, олардың сканерленген нұсқасын және ұсынысты Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің [email protected] электронды почтасына жолдау қажет.
.Аталған тұлғаға көше атауын беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының шешімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.