Шет ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    "Шет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмекті толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз.

    Сұрақ

    Жол қашан салынады?

    Жауап

    Жол салу үшін ең алдымен жолдың қандай жағдайда екендігін анықтап, сараптама жасалады. Алдымен жол құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Бұл құжат жобаның көлемі мен құнын анықтайды. Дайындалған жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, онда жобаның техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделуі тексеріледі. Сараптамадан оң қорытынды алынған соң, жобаны іске асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға бюджеттен қаражат бөлуге сұраныс жолданады. Егер бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда, құжаттары әзірленіп, Мемлекеттік сатып алу порталына дайындалады, Қаражат бөлінгеннен кейін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер ұйымды анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланады. Конкурста жеңімпаз атанған мердігер ұйыммен келісімшарт жасалып, жол салу жұмыстары басталады.

    Сұрақ

    Тұрғын үй көмегі қандай шығындарды өтейді?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегі: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Сұрақ

    Шаруа қожалық жүргізу үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер алу үшін аудан әкімдігі өткізетін жер учаскелерін беру конкурсына қатысу қажет. Сіз бос жерді өзіңіз таңдап, аудан әкімдігіне осы жерді конкурсқа қою туралы өтініш бере аласыз немесе конкурсқа қойылған басқа жерлерге қатыса аласыз. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жинақтау қажет. Қажетті құжаттардың тізбесі: Конкурсқа қатысуға өтінім және жер заңнамасы бойынша бизнес-жоспар мен міндеттемелерді қамтитын конкурстық ұсыныс. Осы құжаттарды дайындағаннан кейін өтінімді ауданның жер қатынастары бөліміне қолма-қол қағаз түрінде немесе "электрондық үкімет"порталы арқылы электрондық түрде тапсыру қажет. Конкурсты жеңіп алған жағдайда аудан әкімдігі тарапынан Сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды беретін болады.

    Сұрақ

    Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын қалай беруге болады?

    Жауап

    Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын беру үшін ең алдымен, аталған тұлғаны республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына ұсыну үшін қажетті құжаттар жинақтау қажет. Қажетті құжаттар тізімі: ұсынылған адамның өмірбаяндық деректері, еңбек кітапшасының көшірмесі, ғылыми еңбектері, орден, медальдері туралы архивтік құжаттар және тұлға жайында Республикаға айрықша еңбегі сіңгені туралы тарихи дәлелді деректердің, марапаттарының, газетке шыққан мақалалардың көшірмелері және ұсыныс. Жоғарыда аталған құжаттар толық жинақталған жағдайда, олардың сканерленген нұсқасын және ұсынысты Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің [email protected] электронды почтасына жолдау қажет. .Аталған тұлғаға көше атауын беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының шешімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.