Бажсыз сауда дүкендері (БСД) қалай ашуға болады?

    kgd

    kgd·
    Сұрақ

    Бажсыз сауда дүкендері (БСД) қалай ашуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында БСД ашу үшін бірқатар рәсімдерді орындау және қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес белгілі бір талаптарға сай болу қажет. Қызметті жүзеге асыру барысында бірқатар талаптарды сақтау, бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың есебін жүргізу және олар бойынша кеден органына есеп беру қажет.

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 524-бабына сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:

    1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:

    сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;

    бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;

    3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;

    4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;

    5) тауарларды осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

    6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.

    7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.

    Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс.

    2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz)арқылы жүзеге асырылады.

    .

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өзім жинаған және туыстарым сыйға тартқан зергерлік бұйымдарым бар. Оларды активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетуім керек пе?

    Жауап

    Жеке тұлғаның қалауы бойынша көрсетіледі. Егер осы мүліктің бір бірлігінің бағасы (құны) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыстағы 1000 АЕК-тен асса және бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші ​​арасындағы шарт негізінде жүргізілген бағалау туралы есепте оның құны айқындалған болса, онда ол декларацияда «басқа» мүлік ретінде көрсетіледі.

    kgd·
    Сұрақ

    Активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетілуі мүмкін қолма-қол ақшаның ең көп сомасы қандай?

    Жауап

    Қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер декларациясы тапсырылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетіледі.

    kgd·
    Сұрақ

    Не себептен ДК немесе ЖШС қызметін тоқта алмайды?

    Жауап

    Қызметті тоқтату үшін қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта жолдауы қажет. Бұл ретте ақпараттық жүйелерде тиісті салық кезеңі үшін барлық міндетті салықтық есептіліктер табыс етілуі тиіс. Тарату есептілігінің болмауы қызметті тоқтатудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.

    kgd·
    Сұрақ

    Салық төлеушінің кабинетіне кіру кезінде неге «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі тіркелмеген» немесе «500 қатесі» шығады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қате браузерде деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты пайда болуы мүмкін екенін хабарлайды. МКК ақпараттық жүйелеріндегі деректер өзектендірілгеннен кейін браузер тарихын тазалап, Салық төлеуші кабинетіне қайта кіру қажет. Егер қате қайталанса, [email protected] мекенжайы бойынша Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің Салық төлеуші кабинетін қолдау қызметіне хабарласу қажет.

    kgd·
    Сұрақ

    Тауарлардың кеден қоймасы кедендік рәсімінде болудың максималды мерзімі қандай?«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс. Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс. Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс. Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс. Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

    kgd·
    Сұрақ

    Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімінің ең ұзақ мерзімі қандай?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.

    kgd·
    Сұрақ

    Декларация берілгенге дейін шығарылған тауарлар бойынша декларацияны тапсыру мерзімі қандай?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабының 4-тармағына сәйкес шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-сі күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

    kgd·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы импорт және экспорт статистикасы бойынша деректер қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының барлық тауарлар бойынша (ЕАЭО елдерін қоспағанда) тауарлардың шығарылған және межелі елдерді көрсете отырып және салалар бөлінісіндегі импорт және экспорт бойынша статистикалық деректер kgd.gov.kz порталында орналастырылған.

    kgd·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.