Облыс ауылдарының инфрақұрылымдарының дамуы деңгейі қандай?

    aktobe-ekonomika

    aktobe-ekonomika·
    Сұрақ

    Облыс ауылдарының инфрақұрылымдарының дамуы деңгейі қандай?

    Жауап

    Қазіргі уақытта ауыл халқының жалпы санының 94,6%-ы (222,9 мың адам) немесе 221 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
    2024 жылы 44,8 млрд теңге көлемінде Темір – Алтыкарасу, Еңбекші; Мұғалжар – Жарық; Мәртөк – Первомайка; Жанажол ауылдарын газбен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Бұл ауылдарда жалпы 1,6 мың адам тұрады. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында магистральды газ құбырының үшінші желісінің құрылысы бойынша ірі жобалардың бірі – құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
    Сонымен қатар, 2025 жылы 19,1 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекенді газдандыру жоспарлануда (Әйтеке би – Қияқты, Ұлғайсын; Байғанин – Қаражар, Оймауыт, Қораши; Ырғыз – Жарма; Қарғалы – Велиховка; Мәртөк – Ақмоласай, Байнасай, Шевченко, Қызылжар, Бөрте, Хазірет; Мұғалжар – Ащысай, Бұлақты, Қожасай, Сабындыкөл; Темір – Шығырлы, Ащысай; Ойыл – Көптоғай, Амангелді; Шалқар – Алабас, Сарсай, Біршоғыр). Нәтижесінде, ауыл халқының газбен қамтылу деңгейі 96,7%-ға жетеді.
    Ақтөбе облысында барлығы 319 елді мекен бар (8 қала және 311 ауыл). Бүгінде 311 ауылдың 266-сы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, бұл ауылдардың жалпы санының 85,5%-ын немесе ауыл халқының 97,3%-ын құрайды.
    Бүгінде халық саны көп және даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер денсаулық сақтау және білім беру нысандарымен толық қамтылған.
    Ауылдық жерлерде 280 жалпы білім беретін мектеп және 322 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді.
    Денсаулық сақтау саласында ауылдық жерлерде 319 медициналық мекеме (мемлекеттік және жеке) жұмыс істейді, оның ішінде: 15 аурухана, 16 жеке амбулаториялық-емханалық ұйым, 78 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 196 медициналық пункт бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Халық қатыстан бюджет» жобасына қатысу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2020 жылдан бастап Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Хромтау, Шалқар қалалары және Ақтөбе қаласының аудандары (Астана және Алматы) деңгейінде іске асырылады. Әкімдіктер аппараты 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурсында және масс-медиада жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастыруы қажет. Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан а.ж. 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жобалық ұсыныстар жинақталады. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес а.ж. 5 сәуіріне дейінгі мерзімде: жобалардың қайталануының болмауына; Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімдікте (әкім аппаратының) оларды іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады. Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары а.ж. 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады. Дауыс беру нәтижесі негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-дан төмен болмауы тиіс. Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны: 1) Аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 75 000 еселенген АЕК мөлшерінен; 2) Қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудандар үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 15 000 еселенген АЕК мөлшерінен; 3) Аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 500 еселенген АЕК мөлшерінен аспауы тиіс. Жобалар келесі бағыттарға қатысты болады: 1) аумақты көгалдандыру; 2) тротуарларды жайластыру; 3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу; 4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер); 5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу; 6) қоқыс тастайтын жерлерді жою; 7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу; 8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру; 9) санитарияны қамтамасыз ету. Осылайша, тұрғындар өзекті мәселелер бойынша шешімдерді ұсынып, сондай-ақ қоғамдағы басымдықтарды белгілей отырып, қала өміріне белсенді қатысады.

    aktobe-ekonomika·
    Сұрақ

    «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

    Жауап

    2009 жылдан бері «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердің ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге және тұруға міндеттеме қабылдаған денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласының және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне: 1) көтерме жәрдемақы 100 АЕК еселенген сомада; 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит: ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК еселенген мөлшерінен аспайтын сомада әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш, жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек кітапшасы, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік, кредиттік бюродан есеп құжаттарды аудандық экономика және қаржы бөлімдеріне тапсыру қажет.

    aktobe-ekonomika·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.