Облыс ауылдарының инфрақұрылымдарының дамуы деңгейі қандай?
Қазіргі уақытта ауыл халқының жалпы санының 94,6%-ы (222,9 мың адам) немесе 221 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2024 жылы 44,8 млрд теңге көлемінде Темір – Алтыкарасу, Еңбекші; Мұғалжар – Жарық; Мәртөк – Первомайка; Жанажол ауылдарын газбен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Бұл ауылдарда жалпы 1,6 мың адам тұрады. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында магистральды газ құбырының үшінші желісінің құрылысы бойынша ірі жобалардың бірі – құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 2025 жылы 19,1 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекенді газдандыру жоспарлануда (Әйтеке би – Қияқты, Ұлғайсын; Байғанин – Қаражар, Оймауыт, Қораши; Ырғыз – Жарма; Қарғалы – Велиховка; Мәртөк – Ақмоласай, Байнасай, Шевченко, Қызылжар, Бөрте, Хазірет; Мұғалжар – Ащысай, Бұлақты, Қожасай, Сабындыкөл; Темір – Шығырлы, Ащысай; Ойыл – Көптоғай, Амангелді; Шалқар – Алабас, Сарсай, Біршоғыр). Нәтижесінде, ауыл халқының газбен қамтылу деңгейі 96,7%-ға жетеді. Ақтөбе облысында барлығы 319 елді мекен бар (8 қала және 311 ауыл). Бүгінде 311 ауылдың 266-сы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, бұл ауылдардың жалпы санының 85,5%-ын немесе ауыл халқының 97,3%-ын құрайды. Бүгінде халық саны көп және даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер денсаулық сақтау және білім беру нысандарымен толық қамтылған. Ауылдық жерлерде 280 жалпы білім беретін мектеп және 322 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауылдық жерлерде 319 медициналық мекеме (мемлекеттік және жеке) жұмыс істейді, оның ішінде: 15 аурухана, 16 жеке амбулаториялық-емханалық ұйым, 78 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 196 медициналық пункт бар.