Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері
Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:
• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.
Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.