«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе облысы аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Мекеменің миссиясы облыста жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерін дамыту, жастар арасында азаматтық-құқықтық, мәдени адамгершілік тәрбие беру және салауатты өмір салтының берік машықтарын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
4) Ақтөбе облысы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
5) мәдениет және дін диалогының жаңа нысандарын іздеу жолы арқылы жастар саясаты саласында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді одан әрі нығайту;
6) жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;
7) жастар арасында салауатты өмір салтына берік дағдысын қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу;
8) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық - насихаттау және түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
9) жастар саясаты саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметіне жәрдемдесу;
10) жастар ұйымдарымен, партиялардың жастар қанаттарымен және этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылын жүзеге асыру.