Менің ата-анам зейнеткер және Семей қаласында бөлек тұрады. Олар бұрын мүлік салығынан босатылған. Неліктен 2025 жылы оларға салық төлеу керек деген хабарлама келді?

    kgd-abay

    kgd-abay·
    Сұрақ

    Менің ата-анам зейнеткер және Семей қаласында бөлек тұрады. Олар бұрын мүлік салығынан босатылған. Неліктен 2025 жылы оларға салық төлеу керек деген хабарлама келді?

    Жауап

    Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу үшін салық базасы "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясынан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің құны болып табылады. Салық кодексінің 526 - бабының 2-тармағына сәйкес, жеке тұратын зейнеткерлер барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген АЕК шегінде жеңілдікке құқылы. 2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңгені, ал 1000 АЕК = 3 692 000 теңгені құрады. Егер ата-аналардың барлық объектілерінің жалпы құны 3 692 000 теңгеден асатын болса, онда салық органдары мүлікке салынатын салықты асып кету сомасынан есептеген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қате төленген мемлекеттік баж сомасын қалай қайтаруға болады?

    Жауап

    Қате төленген мемлекеттік бажды қайтару үшін нысан бойынша салықтық өтініш (2-қосымша) беріледі - салық төлеушінің кабинетінде (http://knp.kgd.gov.kz) "өтініштер"бөлімінде; - "Электрондық үкімет" порталы арқылы (egov.kz) ; - "салық әмияны"сервисіндегі Жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымша (e-Salyq Azamat) арқылы; - "Азаматтарғаарналғанүкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚарқылықағазжеткізгіште. Мемлекеттікбаждыңартықтөленгенсомасынқайтарудысалықорганы салық төлеуші ұсынғансалықтықөтініштіңжәнеқайтарудыңзаңдылығынрастайтынтиістімемлекеттікорганныңқұжатыныңнегізінде жүргізеді. Қайтару өтініште көрсетілген салық төлеушінің есеп айырысу шотына төлеу орны бойынша 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

    kgd-abay·
    Сұрақ

    Автокөлік 2025 жылдың мамыр айынан бастап ұрлау фактісі бойынша іздеуде. Мен салық төлеуім керек пе?

    Жауап

    Ішкі істер органдары салық органдарына ұсынатын көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелу фактісін (күнін) растайтын мәліметтер иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін негіз болып табылады. Бұл ретте мұндай салықты есептеу (есепке жазу) көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күннен бастап тоқтатылады. Салықты есептеу (есепке жазу) ішкі істер органдары салық органдарына ұсынған мәліметтер негізінде көлік құралын айдап әкету (ұрлау) және оны қайтару туралы қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта басталады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сіз көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күннен бастап іздестіру кезеңіне көлік құралдарына салық төлеуші болмайсыз.

    kgd-abay·
    Сұрақ

    Егер көлік бірнеше жыл бұрын сатылса және оған салық қазір ғана түссе ше?

    Жауап

    Көлік құралдарына салынатын салық ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің орталық деректер базасының мәліметтері негізінде есептеледі. Егер уәкілетті органның мәліметтері бойынша көлік құралы есепте тұрған жағдайда, салық органдары осындай көлік құралы бойынша салықты есептеуге міндетті. Көлік құралын есептен шығару үшін Арнайы ХҚКО -ға жүгіну қажет.

    kgd-abay·
    Сұрақ

    Сынақ әдісін қолдану үшін қандай шарттарды сақтау керек?

    Жауап

    Сынақ әдісін қолдану үшін сізге: ҚҚС бойынша тіркеу есебінде болу; импортталатын тауарларды салық салынатын айналымда пайдалану; Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтау.

    kgd-abay·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.