Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартының көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан айырмашылығы неде?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартының көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан айырмашылығы неде?

    Жауап

    ҚР Азаматтық кодексінің 806-бабының 6-тармағына сәйкес ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады. Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шарты — бұл сақтандыру түрлерін, шарттары мен тәртібін сақтандыру компаниясы мен сақтанушы тікелей айқындайтын тараптардың еркі бойынша жасалатын келісім. Мұндай шарт тәуекелдердің кеңейтілген тізімін (мысалы, автомобильдің өзіне келтірілген залал, ұрлық, өрт және басқалар), сондай-ақ Тараптар өздері келісетін қосымша қызметтер мен шарттарды қамтуы мүмкін. Ерікті сақтандыру Азаматтық кодекстің нормаларымен және сақтандыру ұйымдарының ішкі қағидаларымен реттеледі. Қазақстанда көлік иелерінің екі негізгі сақтандыру түрі бар – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және КАСКО. Міндетті сақтандыру – бұл жүргізушінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру. Яғни, егер жүргізуші жол-көлік оқиғасының (ЖКО) себепкері болса, сақтандыру компаниясы зардап шеккен тарапқа келтірілген зиянды өтейді. Алайда, өзінің көлігіне келтірілген залалды жүргізуші өзі өтейді. Егер полис болмаса, бөтен мүлікті қалпына келтіру бойынша барлық шығын апатқа кінәлі тұлғаның өзіне жүктеледі. Бұл полиссіз жолға шығуға тыйым салынады, ал онсыз көлік жүргізу айыппұл салуға әкеп соғады. «КАСКО» — көп адам ойлағандай аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен (casco – дулыға) немесе голланд тілінен (корпус) деген мағынаны білдіреді. КАСКО – бұл көлікті ерікті сақтандыру түрі, ол сіздің көлігіңізге келтірілген залалды өтейді, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру — үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті жабады. Бұл ерікті автосақтандыру түрі түрлі күтпеген жағдайлар кезінде – жол апаты, ұрлық, өрт немесе табиғи апаттар салдарынан көлікке келтірілген залалдан немесе оны жоғалтудан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес көлікке келтірілген зиянды өтейді немесе жөндеуді өз міндетіне алады.
    КАСКО полисін сатып алмас бұрын, бұл сақтандыру түрі бойынша қандай тәуекелдер өтелетінін мұқият зерттеу қажет екенін естен шығармау керек. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000446_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Банк басқа банктердегі шоттарыма (мысалы, жалақы алатын шотыма) төлем талабын қоюға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылы Коллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында белгіленген тәртіппен және шектерде ғана жүзеге асыруға құқылы, атап айтқанда: кредитор алдындағы берешек мөлшерінен асатын соманы талап етуге құқылы емес; борышкерге қатысты қорқыту, қорлау, бопсалау әрекеттерін жасауға немесе оны жаңылыстыруға құқылы емес; борышкердің жазбаша келісімінсіз берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жариялауға құқылы емес; телефон қоңырауларын аптасына 3 реттен артық, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін ғана шала алады. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2027 жылдың 1 мамырына дейін жеке тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттерін коллекторлық агенттіктерге берудің (сатудың) моратории қолданылатынын ескеру қажет. Осы кезеңде банктер мен МҚҰ проблемалық берешекпен өз бетінше жұмыс істеуге міндетті. Бұл ретте агенттік шарт бойынша (борышты сатып алусыз) борышкерлермен өзара іс-қимыл жүргізу үшін коллекторларды тарту мораторийге қайшы келмейді.

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?

    Жауап

    Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген. Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз: әңгімелесуді аудиоға жазып алыңыз — борышкер коллектормен өзара іс-қимылды өз бетінше тіркеуге құқылы; коллекторлық ұйымның өзіне оның қызметкерінің әрекеттері туралы жазбаша шағым беріңіз; Қазақстанның Коллекторлар ұлттық палатасына жүгініңіз: stop-collector.kz сайты, тел. +7 (707) 573 00 00, +7 (700) 183 83 03; қоқан-лоққы немесе өзге де заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда — құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк/МҚҰ қоңырау шалу үшін коллекторлық ұйымды тартуға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылы Коллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында белгіленген тәртіппен және шектерде ғана жүзеге асыруға құқылы, атап айтқанда: кредитор алдындағы берешек мөлшерінен асатын соманы талап етуге құқылы емес; борышкерге қатысты қорқыту, қорлау, бопсалау әрекеттерін жасауға немесе оны жаңылыстыруға құқылы емес; борышкердің жазбаша келісімінсіз берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жариялауға құқылы емес; телефон қоңырауларын аптасына 3 реттен артық, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін ғана шала алады. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2027 жылдың 1 мамырына дейін жеке тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттерін коллекторлық агенттіктерге берудің (сатудың) моратории қолданылатынын ескеру қажет. Осы кезеңде банктер мен МҚҰ проблемалық берешекпен өз бетінше жұмыс істеуге міндетті. Бұл ретте агенттік шарт бойынша (борышты сатып алусыз) борышкерлермен өзара іс-қимыл жүргізу үшін коллекторларды тарту мораторийге қайшы келмейді.

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Мен банктегі қарызымды толық өтедім. Берешектің жоқтығы туралы анықтама ала аламын ба?

    Жауап

    Иә. Қарыз толық өтелгеннен кейін Сіз банкке банк қарызы бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама беру жөнінде жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз. Банк қызметтерін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысы) банк өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай анықтаманы беруге міндетті. Анықтама жазбаша нысанда тегін беріледі.

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    «Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады?

    Жауап

    Банк қызметкерлері, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың өкілдері ешқашан СМС-кодтарды, банк картасының PIN-кодын, бір реттік парольдерді (OTP) немесе Secure-кодтарды сұрамайды. Егер сізге ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігі, атыңызға рәсімделген «күдікті операциялар» туралы айтылса және т.б., әңгімелесуді дереу тоқтатып, ақпаратты нақтылау үшін банктің байланыс орталығының ресми нөміріне өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Менің атымнан менің келісімімсіз несие немесе микрокредит рәсімделгенін қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Банктер мен МҚҰ ақпарат жеткізуші ретінде берілген қарыздар туралы мәліметтерді несие берілген күннен кейін 1 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроларға ұсынуға міндетті. Нақтылау үшін ТОО «Мемлекеттік кредиттік бюро» / ТОО «Бірінші кредиттік бюро» жеке кабинеті немесе eGov.kz порталы арқылы жеке кредиттік есеп алуды ұсынамыз. Егер Сіз алмаған қарыз анықталса: - Дереу банкке жүгініңіз (мобильді қосымшадағы жеке кабинетке қолжетімділікті, картаны және т.б. бұғаттау үшін). - Банкте ішкі тексеру жүргізу туралы өтініш беріңіз. - Құқық қорғау органдарына арыз беріп, барлық дәлелдерді қоса ұсыныңыз және жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы алыңыз. Бұл құжат кредитордың сыйақы (айыппұл) есептеуін және берешекті өндіріп алуды тоқтатуы үшін қажет. Займның Сіздің келісіміңізсіз рәсімделуін болдырмау үшін eGov.kz порталында, eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Stop кредит» қызметін қосыңыз, сондай-ақ жеке деректеріңізді қорғау шараларын сақтаңыз (SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз, тіпті олар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да).

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Менің шотымнан неге ақша ұсталып жатыр және бұл қаншалықты заңды екенін қалай білуге болады?

    Жауап

    Шоттан ақша мына негіздер бойынша ұсталуы мүмкін: - төлем талаптары (ТТ); - инкассолық өкімдер (ИӨ), оның ішінде сот орындаушыларының; - шарт талаптары (мысалы, несие бойынша автоматты есептен шығару). «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңдарға сәйкес, ТТ/ИӨ бойынша өндіріп алу банктік шоттағы соманың және/немесе ТТ/ИӨ әрекет ету кезеңінде заңды тұлғадан немесе жеке кәсіпкерден түсетін әрбір соманың 50%-ымен шектеледі. Бұл ретте аталған шектеу депозиттердегі қаражатқа қолданылмайды (тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша берілген қарыздар бойынша депозит кепіл болған жағдайларды қоспағанда). Мәселені нақтылау үшін Сізге банкке жүгініп, үшінші тұлғалардың талаптарының (төлем талаптары, инкассолық өкімдер) немесе тұрақты есептен шығару өкімдерінің бар-жоғы туралы толық ақпарат алу ұсынылады. Ақпарат алғаннан кейін: - инкассолық өкімдер болған жағдайда – оны жіберген тұлғаға жүгіну, атқарушылық іс жүргізулер туралы мәліметтерді https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors сайтынан ЖСН мен Т.А.Ә. енгізу арқылы алуға болады; - төлем талаптары болған жағдайда – талапты жіберген банкке жүгіну. Егер қаражат заңсыз ұсталған деп санасаңыз, шот ашылған банкке өтініш беріп, түсіндірме және түзету жүргізуді талап етіңіз.

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк/МҚҰ қайта құрылымдаудан бас тартқан жағдайда балама нұсқаларды ұсынуға міндетті ме?

    Жауап

    Банк/МҚҰ қарыз шарттарын өзгерту туралы өтініштерді қарау кезінде ұсынылған растайтын құжаттар негізінде қарыз алушының нақты қаржылық жағдайын ескере отырып, ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жеке тәртіпте қарайды. Бұл ретте, теріс шешім қабылданған жағдайда банк бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынуға міндетті. Заңнама банк/МҚҰ-ны қарызды өтеудің балама нұсқаларын ұсынуға міндеттемейді. Бұл ретте хабарлаймыз, қарызды қайта құрылымдау (шарт талаптарын өзгерту) туралы өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз банк немесе микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Омбудсманға жүгіну тегін болып табылады. - Банк омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Айманов көшесі, 124, 301-кеңсе +7 (771) 929-33-33 (телефон), +7 (708) 983-30-16 (WhatsApp) сайт: https://bank-ombudsman.kz/ - Микроқаржы омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 53, 321-кеңсе +7 (727) 338-22-44, +7 (727) 338-22-25 сайт: https://mfombudsman.kz/ Омбудсманға жүгіну үшін қажетті құжаттар мен материалдар: өтініш және құжаттардың көшірмелері (қарыз шарты, өтеу кестесі, кредиторға жүгінгенін растайтын құжат және кредитордың жауабы, қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар).

    ҚР ҚНРДА·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.